Баламен әңгіме айта білудің қажеттілігі қаншалықты маңызды екенін білесіз бе? Өкінішке орай, көптеген ата-аналардың өз баласымен әңгімелесе білмейтіні рас. Осыдан барып ата-ана мен баланың арасында түсінбеушілік жиі туындайды. Ал оның салдары қателіктерге, кейде тіпті, өкінішті жайттарға апарып соғып жататыны да жасырын емес. Баланың болашақта сөйлеу мәнері де ата-анасымен арадағы әңгімелесу барысында қалыптасатынын білетін боларсыз?
Баламен әңгіме айта білудің қажеттілігі қаншалықты маңызды екенін білесіз бе? Өкінішке орай, көптеген ата-аналардың өз баласымен әңгімелесе білмейтіні рас. Осыдан барып ата-ана мен баланың арасында түсінбеушілік жиі туындайды. Ал оның салдары қателіктерге, кейде тіпті, өкінішті жайттарға апарып соғып жататыны да жасырын емес.
Баланың болашақта сөйлеу мәнері де ата-анасымен арадағы әңгімелесу барысында қалыптасатынын білетін боларсыз?
Баламен не туралы әңгімелесуге болады?
Не айту керек?
Қалай айту керек?
Неден бастаған дұрыс?
Ең алдымен балаңызға:
- жақсы көретініңізді;
- ештеңеге қарамай жақсы көретініңізді (!);
- оның ашулы, ерке және қиқар сәтінде де жақсы көретініңізді;
- өзіңіз ашуланып тұрған кезде де жақсы көретініңізді;
- алыста жүргенде де жақсы көретініңізді;
- әлемдегі барлық балалар арасында оны ғана (оларды ғана) жақсы көретініңізді;
- оның бар болғаны үшін жақсы көретініңізді жиі айтып тұрыңыз.
Сонымен қатар:
- "Рахмет, балам!"
- "Екеуміздің ойынымыз сондай қызық болды!"
- "Екеуміздің сырғанақ тепкеніміз есіңде ме?" (қайық жасағанымыз, күлше пісіргеніміз, моншақ тізгеніміз және т.с.с.) деген сияқты сөздерді жиі қайталап тұрыңыз.
Балаға мыналарды жиі әңгімелеу керек:
- оның өмірге келген сәтін;
- оның нәресте күнінде қалай шомылдырып, қалай құндақтағаныңызды;
- оның жылауық немесе ұйқышыл болғанын (әрине, қызықты етіп еске түсіріңіз);
- есімін кім және қалай қойғанын;
- оның жасында өзіңіздің қандай болғаныңызды;
- атасы мен әжесінің, әпкесінің, ағасының ол өмірге келгенде қалай қуанғанын;
- оның кішкентай күнінде қандай сәттер сіз үшін қиын болғанын;
- сәби күнінде нені жақсы көргенін айтып беріңіз. Сіз айтқан әңгімелер балаңыздың есінде қалатын болсын.
* Мәселен, көпшілік орында оның шынашағынан қыса ұстау - "Мен сені жақсы көремін!" деген белгі екенін айтыңыз. Одан басқа құпия белгі ойлап тапсаңыз болады.
* Өзіңіздің болашақ жоспарларыңыз туралы айтып беріп, балаңыздан да пікір сұраңыз. Армандарыңызбен де бөліссеңіз болады.
* Бүгінде қандай іспен айналысасыз, оны да әңгімелеп беріңіз.
Балаңызды мұқият тыңдаңыз
Иә, баланы қай кезде болмасын мұқият тыңдағаныңыз дұрыс:
- көлік ішінде;
- өз ойыншығы туралы айтқанда;
- сұрақ қойғанда (сіз үшін қызықсыз болса да, бала үшін ол сұрақтың маңызы зор);
- балаңыз сізді жақсы көретінін айтқанда.
Оған қарсы сұрақ қоюды да ұмытпаңыз:
* "Неліктен бұлай болды деп ойлайсың?"
* "Былай етсек қалай болады?"
* "Мұның шешімін қалай табамыз? Сеніңше, не істесек болады?"
* "Не туралы ойлап отырсың?"
* "Бүгін саған қызықты қандай оқиға болды?"
Балаңызбен тіл табысу, әңгіме бастау қиын болып жатса, осы бір ең қарапайым кеңестерден бастасаңыз болады. Жақын уақытта-ақ балаңызбен арада алтын көпірдің қалай қалыптасқанын байқайтын боласыз.