Балаңыздың КӘСІПКЕР болғанын қалайсыз ба?

0
2 900

Егер баланың кішкентай кезінен бойындағы бар қабілетін анықтай алсаңыз, оны көре алсаңыз және ең бастысы, дұрыс арнаға бұрып, қажетті бағдарға қарай бағыттай алсаңыз, ол үшін жасаған жақсылығыңыздың алды сол болмақ. Балаңызды ойнап жүргенде жиі бақылайсыз ба? Оның бойынан не байқадыңыз? Ауладағы балаларды үйіріп әкетіп, түрлі ойындарды ойлап бауып, соның басы-қасында өзі жүре ме? Онсыз басқа балалардың ойыны қызықсыз ба? Сіздің балаңызды балалар жиі іздеп келе ме? Оның өз ортасында көшбасшылық қабілеті анық байқала ма?


Балаңыздың КӘСІПКЕР болғанын қалайсыз ба?

Егер баланың кішкентай кезінен бойындағы бар қабілетін анықтай алсаңыз, оны көре алсаңыз және ең бастысы, дұрыс арнаға бұрып, қажетті бағдарға қарай бағыттай алсаңыз, ол үшін жасаған жақсылығыңыздың алды сол болмақ.

Балаңызды ойнап жүргенде жиі бақылайсыз ба? Оның бойынан не байқадыңыз? Ауладағы балаларды үйіріп әкетіп, түрлі ойындарды ойлап бауып, соның басы-қасында өзі жүре ме? Онсыз басқа балалардың ойыны қызықсыз ба? Сіздің балаңызды балалар жиі іздеп келе ме? Оның өз ортасында көшбасшылық қабілеті анық байқала ма?

Міне, осы қабілеттерінің барлығын сіз бір арнаға салып тура бағыттай алсаңыз, болашақта жалақыдан жалақыға әзер жетіп, тиынын тиынға әзер ұштастыратын емес, кәсіпкер, іскер адамның ата-анасы атанасыз. Ал балаңыздың болашақта ІСКЕР, КӘСІПКЕР, өзіне өзі жұмыс істейтін, ешкімге тәуелсіз жан болғанын қаласаңыз, онда бүгінгі кеңестеріміз Сізге арналады. Балаңыздың келешегін қалыптастыруда ата-ананың алатын орны маңызды екенін білетін боларсыз?! Сондықтан да төмендегі мына кеңестерді бағдарға алсаңыз болады.

ТӘУЕКЕЛ етуден қорықпауға үйрете аласыз!

Іскер адам барлығын жоғалтып алмауға қорықпай, кез келген қиын жағдайда шешім қабылдап, батыл бола білуі шарт. Баланы да сол ідетке үйреткен жөн. Бір орында отырмай, қашанда бір мақсатқа ұмтылып, белсенді іс-әрекетте болса, соғұрлым өзіне жақсы. Іскер адамның өмірінде шешім қабылдай білу мен тәуекел жасау, үнемі әрекетте болу кәсібінің негізгі арқауы болып табылады.

Балаға тәуекел жасау қажеттігін, бірақ әрекеттерінің барлығы нәтиже бере бермейтінін, дегенмен, ол тәжірибе жинап, содан сабақ ала алатындығын, мәселені басқа жолмен шешуге де болатындығын, ол жолды іздеу керектігін түсіндіріңіз.

Өз қатесінен сабақ алып үйренуіне рұқсат етіңіз

Кез келген адамның, ол кәсіпкер ме әлде банк қызметкері ме, үйде отырып-ақ табыс тауып отырған ана ма, оларға ортақ бір қасиет бар – ол өткен қателігінен сабақ алып, келесі жолы оны қайталамауға тырысуы. Балаға да соны үйретсеңіз, сіз де қателеспейсіз.

Қателесуден ешкім де сақтандырылмаған, бәрі қателеседі. Бастысы, сол қателіктен сабақ алуда жатыр. Өткен істі талдап, келесі жолы басқа жолын қарастыруды үйрету қажет. Бұл баланың өз шамасын анықтау мен кәсіпкерлікке бастар жолдың алғашқы қадамдарын түйсінуге сеп болады. Бала жас кезінен кез келген істі талдауға үйренуі керек.

Адамдарды және олардың қажеттілігін бағалауды үйретіңіз

Мектеп оқушысына адамдық фактор мен олардың өміріміздегі алатын орнын айта беруге болады. Одан бөлек, болашақ кәсіпкер болатын адам ондағы адамдардың алатын орны қаншалықты екенігін білуі тиіс. Себебі, кез келген кәсіп ең алдымен әлеуметке, қоғамға пайдасын әкелуі керек. Сонда ға ол кәсіп көпшіліктен қолдау тауып, әрі қарай дамуға мүмкіндігі болады.

Іскерлік қарым-қатынастың бастамасы да адамдардың қажеттілігі басты орында тұратынын, содан кейін ғана табысты ойлау керектігін өзіңіз түсініп, содан соң ғана балада осы ойды қалыптастырыңыз. Сонда бала болашақта қайырымды көшбасшы, көпшілікке расында пайдасы бар нәрсе ойлап тауып ұсынатын болады.

Баланы күні бойына тапсырмамен жүктеп тастауға болмайды

Иә, бала жас күнінен түрлі үйірмелерге, арнайы курстарға барып қабілетін дамытуы, терең білім алуы керек-ақ. Бірақ, оның көбісі бала үшін пайдасыз, өзіңіз үшін артық шығын боларын білесіз бе? Екіншіден, сол курстардың кейбірі тіпті пайдасын болуы да мүмкін. Оны балаңыз жақсы көре ме, шын ықыласымен барып жүр ме?

Мүмкін, одан да балаңыз болашақ инженер немесе бағдарлаушы, қолөнершілердің курсына барғысы келетін болар?!

Баладан шамасы келмейтін жетістікті талап етпеңіз

Балаңыздың өмірі болашақта да қиындықсыз, қарапайым әрі жеңіл болғанын қаласаңыз, оны барлық сабақтан жақсы бағаға оқуға мәжбүрлемегеніңіз жөн. Егер бала өзі жөргегінен ғылымға жақын, оу-тоқуға бейім болса, онда сіздің қадағалауыңызсыз-ақ барлық сабақтан үздік болады. Бірақ, барлық бала бірдей емес қой?! Кейбір баланың математика мен тіл меңгеруге, енді бірінің тарих пен физикаға ғана қабілеті болуы мүмкін. Ал оны басқасына күштеп оқытып, басқасына деген қызығушылығын да жойып жібермейтініңізге сенімдісіз бе?

Айқын мақсат пен нақты тапсырма

Баланың қалауы мен мақсаты түрліше болмағаны дұрыс. Кез келген әрекетінде белгілі бір мақсат болуы керектігін және оған жету қажеттігін үйреніп өссе, одан нағыз жолы болғыш кәсіпкер шығатын болады.

Мысалы, бала сурет салғанды ұната ма, онда тек қажетті-қажетсіз суреттерді сала бермей, әжесінің туған күніне арналған картина салсын. Міне, қалауы мен мақсатын біріктріу деген осы.

Баланы «не қалайсың, кім боласың» деген сияқты мәнсіз сауалмен қинай берудің жөні жоқ. Оның қалауы күнде өзгереді. Соған орай оған айқын мақсат қойып үйретсеңіз болғаны.

Жағдайға қарай бейімделуді үйретіңіз

Баланы кез келген жағдай мен ортаға бейімделуге де үйрету керек. Оның ойлағаны немесе қалағаны барлық ортада орындала бермейтінін түсіндіріңіз. Айналаның талғамы мен көзқарасы, қалауына орай да әрекет еткен дұрыс.

Жоғары сыныпта оқитын қызыңыз қолдан білезік жасап сатқысы келсе, оның жолын кеспеңіз. Бірақ, дәл қазір қандай білезіктер өтімді, қандай үлгідегісі көптің көңілінен шығып жатыр, оны интернеттен көріп, бірге талдауға көмек бере аласыз.

Қандай әрекет болса да алдымен жоспардан тұратынын түсіндіріңіз.

Үйдегі міндеті үшін балаға ақша беріп үйретпеңіз

Еден сүрту немесе бөлмесін жинау – баланың отбасы мүшесі ретіндегі міндеті. Тәрбиенің мұндай әдісі баланы саусақ қимылдатқаны үшін ақша дәметуге үйретіп, ол ауқымды ойланбайтын болып өседі. Оның әрбір міндетіне тиын беріп үйретсеңіз, бала болашақта табыстың тапсырманы орындау арқылы ғана келеді деп түсінеді. Ал кәсіпкерлікте табыстың көзі нәтижеге жетуде екендігі белгілі.

Белгілі бір мәселені шешкені үшін ақша беруге болады

Баланы ынталандыру үшін белгілі бір мәселені өзі жол тауып шешкені үшін азын-аулақ тиын беруге болады. Ол ешқандай да үй шаруасы болмауы тиіс.

Мысалы, қақпа сыртындағы жол бойында өсіп тұрған ағашты біреу сындырып кетті делік. Оған сіздің балаңыздың жаны ашып, арнайы қоршау жасап, күтім жасап жүр. Бұл нағыз сый беруге тұрарлық әрекет емес пе? Ол бәрін де өздігінен және ешкімнен мақтау мен сыйақы күтпестен жасады емес пе?

Міне, болшақта нағыз кәсіпкер, іскер жандар осындай қамқор балалардан шығады. Сондықтан, олардың мұндай істері ынталандыруға тұрарлық-ақ!