Нағыз еркектің жанында болуы тиіс НАҒЫЗ ХАНЫМның белгілері

0
5 796

Егер осы уақытқа дейін осындай сылтау айтып келген болсаңыз, осы жерден тоқтай қалыңыз! Себебі, нағыз ХАНЫМ болудың әдістері сіз ойлағандай қиын емес. Ол барлық әйелдің қолынан келеді әрі қолжетімді.


Нағыз еркектің жанында болуы тиіс НАҒЫЗ ХАНЫМның белгілері

Өмірде нағыз ханшайым болу үшін тырыспаған, тым құрығанда оны армандамайтын әйел болмаса керек. Егер сіз бір мезетте перизаттай ханшайым атанғыңыз келсе нағыз ханымдардың шынайы бейнелері қандай болатындығына назар аударып көріңіз:

* Өзін құрметтейтін әр әйел өте қысқа көйлек немесе белдемше, иығы мен көкірегін барынша ашып көрсететін киімдер киюге құмартпайды.

фото: photo-monster.ru

* Ханымның әрбір іс-әрекеттері, жүріс-тұрысы, өзін-өзі қай ортада қалай ұстау керектігін байқатып тұруы қажет.

* Ханым бейәдеп қылықтарын көрсету былай тұрсын, қарапайым болып көрінсе де, сағызды шалпылдатып отырмайды, ашуға ерік берсе де аузынан анайы сөздердің еріксіз шығуына жол бермейді.

* Ол көпшіліктің алдында шу шығармайды.

* Ханым әрдайым тәртіпті, өз ісіне ұқыпты болғандығы үшін асығып-аптығып жүрмейді.

* Өзін-өзі құрметтейтін, өз бағасын білетін ханым ешқашан өзіне қатысы жоқ жерге тұмсығын сұқпайды.

* Құрметті ханым өсек термейді және орынсыз мақтанға да жаны қас болады.

* Ол адамдардың қоғамдағы орындарын құрметтеп, оларға бірдей мәміледе болып, тең дәрежеде сөйлеседі.

* Өз жаратылысына құрметпен қарайтын ханымдардың арасында шылым шегуге, спиртті ішімдіктерді ішуге құмарларын кездестірмейсіз.

* Шынайы ханым өзінің жасаған қателіктерін мойындаудан қорықпайды, керісінше, өзінің қателігі арқылы сабақ ала біледі.


Нағыз ханым - бақытты әйелдің баламасы. Яғни, бақытты әйелдер туралы пікірлер екіге жарылуы мүмкін.

«Тағдырына сондай ер-азамат жолықты», «Оның ата-анасы бай», «Бала кезінен қиындық көрген жоқ» деп өзін-өзі ақтап алуға тырысатын әйелдер бар да, «Мен де сондай бола аламын, өйткені, менің одан еш жерім кем емес» деп өзіне мотивация алатын әйелдер бар.

Егер осы уақытқа дейін осындай сылтау айтып келген болсаңыз, осы жерден тоқтай қалыңыз! Себебі, нағыз ХАНЫМ болудың әдістері сіз ойлағандай қиын емес. Ол барлық әйелдің қолынан келеді әрі қолжетімді.

Нағыз ханым болу үшін сіз оң зарядтағы әйел бола алуыңыз шарт. Сонда ғана сіздің жаныңызда нағыз ер-азамат пайда болады. Ерлер әйелдердің ішкі энергетикалық жағдайын баса назар аударады.

Олар үш түрлі типте болады. Атап айтсақ, оң зарядты, бейтарап және теріс зарядты.

1) + Еркектің беделін көтеретін;

2) Еркек туралы басын қатырмайтын;

3) – Еркектің беделін түсіретін.

Нағыз Ханым әрдайым таңдандырады, құлшыныс береді, сенім білдіреді, мотивация береді және жақсы күндерге үміттендіреді.

Үнемі риза болу, үнемі күліп жүру, ешқашан еркек болмысын жасамау, ер-азаматтың алдына шықпау, кешіре білу және энергетика. Осы қасиеттерді өз бойыңызға қалыптастыра білсеңіз, сіз шығар биік алыста емес.

Г. Жұмаділдаева

ERNUR.KZ

Тағы оқыңыз: 17 жастағы қыздарға қажетті 17 кеңес

Күйеуіңізге АНА емес, ӘЙЕЛ болыңыз!