Сіз жұбыңызды «есеңгіретіп» ұстауды қалайсыз. Бәлкім, бұл сізге қызық көрінер, бәлкім сізге ойын секілді түйілер. Алдымен өзіңіз ұрысқа себеп іздейсіз де, соңынан «мен не істеп қойдым? Неге мені кінәлай бересің?» деп қайран қалып отырасыз.
Отбасылық өмірдегі ең қиын сынақ - жақындарыңызбен жанжалдасып қалу. Мұндай кездерде әрине, ісіңізден де береке кетеді, ары қарай күресуге дәрменіңіз қалмағандай күй кешесіз.
Ал, «отбасы болған жерде ыдыс-аяқ сылдырламай» да тұрмайды. Мұның да өзіндік пайдасы жоқ емес. Дегенмен, ұрыс - керістің өршіп кетпеуін қадағалау да маңызды. Ерлі-зайыптылардың ұрыспай өмір сүруінің нәтижесінде де жақсы өмір күтіп тұр деп ойлауға болмайды. Сондықтан, төмендегі тест нәтижесі жұбайлар арасындағы қарым-қатынастың қаншалықты дәрежеде екендігін байқауға болады.
1.Өмірлік серігіңіз сіздің ұсынысыңыздан бас тартты. Ал сіз ол барлығына дайын болуы керек деп ойлайсыз. Мұндай жағдайда сіз:
А) Енеңізді екеуара қарым-қатынасқа араластырасыз.
Ә) Басыңыздан мұндай жағдайлар өтіп тұрады, сондықтан мән бермейсіз.
Б) Онымен ұрысқа дайын тұрасыз.
В) Үндемейсіз, өзі басылады.
2. Туыстармен бірге отырғанда жолдасыңыз сізге сөз бермейді. Бірдеңе деуге оқтала бергеніңізде қайта-қайта сөзіңізді бөліп, ойыңызды айтуға тосқауыл болуда. Сізге қойылған сұрақтарға ол жауап беруде. Сіз:
А) Оған тосыннан сауал беріп, аузына құм құюға тырысасыз.
Ә) Мұндай ыңғайсыздық сізге ұнамаса да сыр білдірмейсіз.
Б) Жолдасыңыздың ойын басқа жаққа аударасыз. Мысалы, «тамағың суып қалды, тезірек тауысып қой» деген секілді.
В) Оңашаға шақырып, оның бұл қылығы ұнамайтынын жеткізесіз.
3. Демалыс күндері саяхатқа шығуды немесе қонаққа баруды жоспарлап қойдыңыздар. Бірақ, уақыт таяғанда ол жұмысының көптігін сылтау етіп, айтылған жерге барудан бас тартты. Не істейсіз?
А) Ол пікірінен қайтпайынша мақсатыңызға жету үшін сөзіңізді жалғастыра бересіз.
Ә) Өкпелейсіз және оның айтқанына қарсы шықпайсыз.
Б) Бұл шешімінің нақты себебін білуге ұмтыласыз.
В) Қатты ашуланғаныңыз соншалықты, оған апталап сөйлемей қоясыз.
4. Шомылу бөлмесінен шыққан күйеуіңіздің соңынан кірсеңіз, бөлме іші адам көргісіз. Сіздің әсеріңіз?
А) Ештеңеге тиіспейсіз, өзі тазалап алуы тиіс деген пікірдесіз.
Ә) Тазалап алу менің міндетім деп ойласаңыз да, одан келесі жолы бұлай жасамауын өтінесіз.
Б) Есіктің сыртына «соңынан тазалап жүргенің үшін РАХМЕТ!» деп жазып, оны ұялтуға тырысасыз.
В) Тағы да осы жағдай қайталанбауы үшін айқай шығарасыз.
5. Отағасын азық-түлікке жұмсадыңыз, бірақ, ол сізге ұнайтын затты сатып алуды ұмытты. Қандай сезімде боласыз?
А) Көңіліңіз көншімейді, сол затты сол мезетте дүкенге барып өзіңіз сатып алып келесіз.
Ә) Түсіністік танытасыз.
Б) Ұмытып кеткені туралы есіне сала бересіз.
В) Келесі жолы міндетті түрде азық-түлікке өзіңіз барасыз.
6. Онымен бірге қонаққа баруға жиналсаңыз:
А) Алдын-ала баруға тырысасыз.
Ә) Уақытында барасыз.
Б) Жағдайға қарай...
В) Үнемі кешігіп барамыз.
7. Шындықты білу үшін оны алдай аламын
А) Күйеуіңіздің сізге өтірік айтқанын сезсеңіз, оны қолдаған болып, айыбын ашуға тырысасыз.
Ә) Жоқ, бұл қолымнан келмейді.
Б) Тек қана мұқтаж болғанда
В) Әрине, мұндай мүмкіндікті босқа жіберуге болмайды.
8. Егер таңертең ұрысып қалсаңыздар...
А) Бұл жағдайды есіңізде көп сақтайсыз және жолдасыңызға оқтын-оқтын есіне салып отырасыз.
Ә) Көңіл-күйіңіз бірден түсіп кетеді және оның бірінші қадамын күтесіз.
Б) Тез ұмытасыз
В) Өзіңіздің пікіріңіздің дұрыстығын дәлелдеумен боласыз.
9. Сіз көбірек неден қорқасыз?
А) Біреулердің көзіне жаман адам болып көрінуден
Ә) Жалғыз қалудан
Б) Қажетсіз сезінуден
В) Өзіңізді жоғалтып алудан
10. Келіспей қалсаңыз, қай сөзді көп айтасыз?
А) Әрдайым мен «айыптымын», сенікі әрдайым «дұрыс»
Ә) Өтініш, ұрыспай-ақ қояйықшы!
Б) Мен ұрысып жатқан жоқпын, түсіндіріп жатырмын.
В) Айып өзіңде!
Қай нұсқаға көбірек жауап берсеңіз, сол нұсқада келіспеушіліктеріңіздің себебін таба аласыз. Яғни, сізде А нұсқасы көп пе, әлде басқа нұсқалардың бірі көп пе?
А нұсқасы; МАНИПУЛЯТОР
Сіз жұбыңызды «есеңгіретіп» ұстауды қалайсыз. Бәлкім, бұл сізге қызық көрінер, бәлкім сізге ойын секілді түйілер. Алдымен өзіңіз ұрысқа себеп іздейсіз де, соңынан «мен не істеп қойдым? Неге мені кінәлай бересің?» деп қайран қалып отырасыз. Сіз алдымен ұрысқа себеп тауып, «бастамашы болған» күйеуіңізді айыптап, өзіңіз құрбанға айналып шыға келесіз.
Ә нұсқасы; КӨНБІС
Отбасыңыздың тыныштығы сіз үшін барлығынан маңызды. Сондықтан, ұрыс-керістен қашасыз. Ашу-ызадан жарылуға шақ тұрсаңыз да назарыңызды басқаға аударып, ренжіп тұрғаныңызды білдірмеуге тырысасыз. Жолдасыңызға қарсы шыққаннан гөрі, оның ыңғайына жығыла салған сіз үшін әлдеқайда тиімді. Оған да...
Арадағы сыйластықты жоғалтып алудан қорқасыз.
Б нұсқасы; БІТІМГЕР
Сізді қинап жүрген мәселені айтып, екеуара шешуге ұмтыласыз. Ұсақ-түйекке бола ұрысу сізге жат қылық. Ұрыс-керісті жақтырмайтыныңыз анық, бірақ, ол да арагідік отбасылық өмірде қажет.
С нұсқасы; ҰРЫСҚАҚ
Ұрыс-керіс сіз үшін өміріңіздің айнымас бір бөлшегіне айналып кеткен. Жолдасыңыз да сізге бағынбайды, сіз де оның сөздеріне құлақ аса алмайсыз. Біріңіз артық қадам жасап қойсаңыз, міндетті түрде санасуға ұласады. Үнемі отбасы билігін қолыңызға алғыңыз келеді, алайда, ер адам басқарушы екендігін ұмытпаңыз.
Тыныштықты қалайтын болсаңыз, бір саты төмен түсіңіз!
Дайындаған: Г. Жұмаділдаева,
Тағы да оқыңыз:
Балаңыздың БАҚЫТТЫ және ДЕНІ САУ болғанын қалайсыз ба? Онда...
АБЫСЫНдар апалы-сіңлілі бола ала ма? (Абысындар үшін жазылмаған 7 қағида)