«Намысты нанға сатпа!» деп халқымыздың батыр ұлы Б.Момышұлының сөзімен бастап, бүгінгі ер азаматтарымыздың рухын көтеруді, намысшыл болуды «талап етіп», қоғамның мықты болуына үндесек дейміз.
суреттер ашық дереккөзден алынды
Шыны керек, «ер-азаматтарымыз ұсақталып барады», «намысты жоғалтып алудың алдында тұр» деген сөздер сізге де жақсы таныс шығар?
Неліктен деп ойлайсыз? Әркім әрқалай болжамдар айтып, түрлі көзқарастарын білдіріп жатады.
«Намысты нанға сатпа!» деп халқымыздың батыр ұлы Б.Момышұлының сөзімен бастап, бүгінгі ер азаматтарымыздың рухын көтеруді, намысшыл болуды «талап етіп», қоғамның мықты болуына үндесек дейміз.
Нақты мына себептен деп те айта алмаймыз, бірақ, ащы да болса шындық сол, күнкөрістің қамымен түрлі айла-әрекеттерге көшіп, артық пайда табуға ұмтылған адамдардың арасында «адалдықты», «әділдікті» талап ету де мүмкін болмай барады. Жаның ауырғанмен, бүкіл қоғамды түзеу бірен-саран намысшыл, турашыл адамдардың сақтап қалуы да қиынға соғады.
Мақсатымыз ер азаматты айыптау, уәж айту, сынға алу емес еді. Дегенмен, «айтпаса сөздің атасы өледі» деген сөз тағы бар.
Сондықтан, әрбір адам жеке өзімен жұмыс істеп, өзін өзі тәрбиелеуге ұмтылса, болашақ ұрпақ та өнегесі мен тәлімді тәрбиесімен қуантары анық.
Намысты жігіт жоқ деп кесіп айтуға да болмайды, бірақ, айналамыздағы жігіттердің «анасының баласы» болып жүргендігі де жасырын мес. Осындай ұрпақтан, яғни, әкенің айбынын көрмеген бала ер азаматтың бойынан табылуы тиіс қасиеттердің жетіспей жатуы да бүгінгі күннің көрінісі.
Бүгінгі бала-ертеңгі азамат. Бір отбасының тірегі, қала берді елін, жерін қорғайтын намысшыл азамат болып өсуі міндетті.
Ақылды, арлы жігіт өзіне қажеттісін сарқып алар деген ниетіміз ғана үміт береді.
Жауапкершілік, туған-туысына жанашырлық, көмек қолын созу, елжандылық сияқты қасиеттерді көріп өскен бала ертеңгі күннің ұстыны.
Жастайынан мінез қалыптастырып, өзін-өзі жауапкершілікке тәрбиелеген жігіт кез-келген арудың арманындағы намысшыл, батыл азаматқа бағаланады. Көп жағдайда ер адамдар өзінің қоғамдағы рөлін жете меңгере алмағандықтан, теріс пікірлер қалыптасқан.
Сондықтан, сөзі мен іс-әрекеті бір жерден шығатын ер азаматты тәрбиелегіңіз келсе ұнжырғаңыз түспесін!
Өйткені, ісі оңға баспай, алдынан кедергілер жиі киліге берсе, өмірге ренжуді әдетке айналдырған жігіттер де бар. Әрине, мұндай жігіттерден намыс туралы күтпей-ақ қоюға да болады.
Мақсаты айқын, жігері жасын жігіттің тұла бойы да толған намыс, батылдық қасиеттер көрініс береді.
Қазақта «болар елдің баласы он бесінде баспын дер, болмас елдің баласы отызында жаспын дер» деген аталы сөз бар. «Нағыз ер елу елдің қамын жейді» деген сөз де бекер айтылмаған. Осының барлығы да сайып келгенде ер азаматтың намысшылдығы сөз болады.
Ер азамат ұсақталудан сақтану үшін ең алдымен, сөз ұсақтығынан сақтану қажет. Қажеті жоқ, болмашы сөздің жетегінде кетіп, еріп кетпеуді қадағаласа, демек ол азаматта намысшылдық қасиеті басым.
«Адам боп тудым анадан, адам боп өлу арманым» деген ұлы Абайдың сөзі бар. Адамдықты басты орынға қоятын халқымыз әсіресе ер азаматтың міндеттерін жіктеп берген. Бүгінде сол міндеттердің үдесінен шыға алмай жатқан ер азаматтарға аз да болса жігерлендіретін, намысын оятатын кеңес болар деген үміттеміз.
Егер сіз намысты болсаңыз, табысты да бола аласыз!
Гүлвира ЖҰМАДІЛДАЕВА
ERNUR.KZ.