"Жынды... Етегін сонша ашпаса..." - Орамалды келіншек тойда "сальто" жасап таңғалдырды (видео)

0
30 432

"Шалбар кисе қайтеді?", "Сальто жасап нең бар?", "Мына қатында ес жоқ екен"...


Көпті таңғалдырған "той думандарының" тағы бір қызығы желіге шықты.

Бұл жолы бір топ ер-азаматтың алдында (көпшілік жиналған тойда ортаға шыққандар) "Лезгинка" билеп шыққан орамалды келіншек ерекше өнер көрсеткен. Көпті таңырқатқаны да сол, кең етек көйлек киіп, басына жаулық салған келіншек "сальто" жасап, ауада бір айналып түседі.

Бейнежазбаны көргендер оның орамалы түсіп қалғанын да назардан тыс қалдырмапты. Дегенмен, видеода байқалғандай, келіншек жерде жатқан орамалды аламын деп өзінікін түсіріп алған. Бұл да асабаның ұйымдастырған ойындарының бірі болса керек.



Бейнежазбаны тамашалағандардың пікірінен келіншектің ондай ерекше өнер көрсететінін күтпегендігі байқалады. Көпшіліктік пікірі "әп-әдемі билеп келіп соңы не боп кетті?" дегенге саяды.

Пікір қалдырғандардың бір жағы келіншектің ер-азаматтың биін биледі деп айып тақса, енді бірі басындағы орамалын қор қылды деген сынды ойларын жазуда. Кейбір оқырман мұнда кінәның бір ұшы тойды жүргізген асабаларда екендігін алға тартыпты. Дегенмен, арасында келіншекті қолдаушылар да байқалады.

Бейнежазбадағы тойдың қай қалада өткені белгісіз.