2000-ға жуық түркістандық тұрғынның мәселеші шешілді

0
718

5 елді мекенге 100 млн, бір елді мекенге 79,9 млн теңге қаражат қарастырылған.


2000-ға жуық түркістандық тұрғынның мәселеші шешілді

Ынтымақ ауылы енді ауыз судан тапшылық көрмейді, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бірнеше жылдан бері ауылдағы ауыз су мәселесінің түйіні тарқатылмай келген Түркістан облысы Жетісай ауданы Жаңа ауыл ауылдық округіне қарасты Ынтымақ ауылының тұрғындары жуырда базыналарын айтып, Жетісай ауданының әкімі Жамантай Қанайұлына барған болатын. Олар аудан басшысының қабылдауында болып, өтініш-тілектерін жеткізген.

Осы орайда қараша халық тарапынан айтылған өтініш орындалып отыр. Аудан басшысының тікелей тапсырмасымен 2000-ға жуық тұрғыны бар Ынтымақ ауылындағы ескі мұнараның орынына сыйымдылығы 25 мың тонналық жаңа су мұнарасы орнатылып, іске қосылды. Сағатына 40 текше метр су шығаруға қауқарлы сусорғылар орнатылған су мұнарасы енді ауылдағы 1000-ға тарта отбасыны ауыз сумен қамтамасыз етеді. Бұған дейін ауылда 1000 үйді қамтамасыз ететін су стансасы тоқтаусыз жұмыс істеп тұрған.

Айта кетейік, бүгінде Жетісай ауданына қарасты 113 елді мекеннің 101-і орталықтандырылған су құбырымен қамтылған. Өткен жылы Жетісай топтасқан су өткізгішіне қосылған Жылы су ауылдық округіне қарасты 5 елді мекенге 100 млн теңге, Ынтымақ ауылдық округіне қарасты бір елді мекенге 79,9 млн теңге қаражат қарастырылып, жөндеу жұмыстары жүргізілген. 51 елді мекеннің 10-ы «Мембрана», 41-і «Омега» құрылғылары арқылы ащы суды тұщы суға айналдырып пайдаланып отыр.