Көгілдір отынмен қамтамасыз ету жұмысы 3 кезеңмен жүзеге асатын болады
иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден
Бүгін Арыс қаласындағы атқарылып жатқан ауқымды жұмыстардың бірі, әрі бірегейі табиғи газ әкелу жұмысы басталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Арыс қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Осыған орай, Темірлан елді мекенінен Арысқа дейін тартылған жоғарғы қысымды магистралдық газ құбырына қаланың негізгі газ құбырын қосуға арналған салтанатты жиын өтті.
Жиынды қала әкімі Мұрат Болатұлы Қадырбек ашып, жүрекжарды құттықтау сөзін арнады.
Қала басшысы Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Президенттің 5 әлеуметтік бастамасы» атты Үндеуіндегі 5-ші бастамасына сәйкес, қалаға газ құбырын тарту шаһарымыз үшін аса маңызды, көптен күткен тарихи оқиға екенін баса атап өтті.
Елбасымыздың бастамасымен және тікелей тапсырмасымен облысымыздың қалалары мен аудандарын және ауылдарын тұрмыстық газбен толық қамтамасыз ету үшін «Бейнеу – Бозой - Ақбұлақ» магистральды газ құбыры тартылды. Осы құбыр бойынан Арыс қаласына дейін де көгілдір отын құбыры жүргізілді.
Көгілдір отынмен қамтамасыз ету 3 кезеңнен бір мезгілде 2018 – 2025 жылдар аралығында жүргізіліп, жүзеге асатын болады.