​Арыс қаласында ашық есік күні болды

0
1 280

Ашық есік күнінің мақсаты - кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдер арасында тұрмыстық зорлық зомбылық, құқықбұзушылық пен қылмыстың алдын алу, өз-өзіне қол жұмсаудың, сондай-ақ қыздар арасында ерте жүктіліктің алдын алу.


​Арыс қаласында ашық есік күні болды

фото: facebook.com

Түркістан облысы Арыс қалалық білім бөлімінің "Өз балаңа үлгі бол" жол картасы жобасы өз жалғасын табуда, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Мекеменің жоспары негізінде Б.Кенжебаев атындағы жалпы орта мектебі мен Қаражантақ мектептерінің ата-аналарына ашық есік күні болып өтті. Ашық есік күнінің мақсаты - кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдер арасында тұрмыстық зорлық-зомбылық, құқықбұзушылық пен қылмыстың алдын алу, өз-өзіне қол жұмсаудың, сондай-ақ қыздар арасында ерте жүктіліктің алдын алу.

Жиналысқа Б.Кенжебаев атындағы жалпы орта мектебінің директоры Б.Басқарова, тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.Исмаилова, жастар ұйымының басшысы Ж.Мейірбеков, психолог Р.Сейсебаева, мектеп мейірбикесі А.Балдан, ауыл учаскелік полициясы Әжібеков Тарас, Қаражантақ мектебінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж.Нуралиев, психолог Н.Ералиева қатысты.

Ауыл учаскелік полициясы Әжібеков Тарас жастар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын-алу туралы, ДТІЖО Г.Исмаилова ұлт тәрбиесі жөнінде, ДТІЖО Ж.Нуралиев құқықбұзушылықтың алдын алудың шаралары жайлы, мектеп мейірбикесі А.Балдан қыздар арасында ерте жүктіліктің алдын алудың шаралары жөнінде баяндамаларын оқыды.

Ата-аналар көкейінде жүрген сұрақтарды қойып, өз ойларын ортаға салды.