Арыс қаласында "Жемқорлықпен жолыңды кеспе" атты шара ұйымдастырылды

0
1 226

Бағдарлама өткізудегі негізгі мақсат - жемқорлықтың алдын алу, түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету – ең маңызды мәселелердің бірі.


Арыс қаласында

фото: kaz.tengrinews.kz

Түркістан облысы, Арыс қалалық мәдениет үйінде «Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» күніне орай қала әкімі аппараты және мәдениет үйінің ұйымдастыруымен «Жемқорлықпен жолыңды кеспе» атты концерттік бағдарламасы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Бағдарлама өткізудегі негізгі мақсат - жемқорлықтың алдын алу, түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету – ең маңызды мәселелердің бірі. БҰҰ Бас Ассамблеясы 9 желтоқсан «Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» күні деп жариялады.

Сонымен қатар, мәдени іс-шара барысында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – әрбір азаматтың міндеті» атты баяндама оқылып, сахналық көрініс және бейне сюжеттер көрсетілді.

Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасы тұрақты дамып келеді. Бұл үрдіс халықтың және барлық азаматтық қоғам институттары толық қолдауын табады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы кездесулер мен іс-шаралар өткізу және әрбір азаматқа осы іс-әрекеттер маңыздылығын жеткізу маңызды.