Арыста "​Жақсы іс – жан жылуы" жалғасын тауып келеді

0
2 297

Іс-шараның мақсаты – үлкенге ізет көрсету арқылы, жастардың ой-санасына әсер ету. Оларға үлкенді құрметту, кішіге ізет көрсетуді насихаттау.


Арыста

фото: facebook.com

Түркістан облысы, Арыс қаласына қарасты Ақдала ауылдық округінде «Жақсы іс – жан жылуы» атты іс-шара өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Іс-шарада Ақдала ауылының тұрғыны, жалғызбасты ана Жиенбекова Кенжекүл апа ауыл жастары үй шаруаларын жасауға көмектесіп қайтқан. Олар қарт ананың үйіне барып, қолұшын беріп, үй шаруаларына жәрдем берген. Кенжегүл апа жастардың бұл игі ісіне, қайырымдылықтарына разылығын білдіріп, алғыс білдірді.

Іс-шараның мақсаты – үлкенге ізет көрсету арқылы, жастардың ой-санасына әсер ету. Оларға үлкенді құрметту, кішіге ізет көрсетуді насихаттау. Сонымен қатар, қасқорлықсыз қалған немесе жалғысбасты жандарға әрдайым көмек қолын созу керектігін дәріптеу. Яғни, жастарды тәрбиеге шақыру.

Жақсы іс – жан жылуы» атты мұндай тәлімі мол шаралар біраз уақыттан бері жалғасын тауып келеді. Ұйымдастырушылар алдағы жылдары да жастар осындай мейірімділікпен ауыл қарттарына көмек беріп, іс-шараның дәстүрге айналатынына сенеді.