Арыстағы жағдайдан үшінші адам қаза тапты

0
1 122

Қаза тапқан әскери қызметтегі сержант


Арыстағы жағдайдан үшінші адам қаза тапты

фото: иллюстрациялық

Шымкент қаласындағы Түркістан облыстық клиникалық ауруханасында Арыстағы жарылыс салдарынан жараланған ер адам қайтыс болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Арыс қаласының тұрғыны 1987 жылы туған, Арыстағы әскери бөлімде келісімшарт негізінде қызмет еткен сержант Ахметов 24 маусым күні көптеген дене жарақатымен аса ауыр халде Түркістан ОКА на жеткізіліп, жан сақтау бөліміне жатқызылған. Алматы қаласынан республикалық емдеу орталықтардан білікті маман дәрігерлер арнайы шақырылған. Алайда аман алып қалу мүмкін болмаған.

Бұл туралы Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлімдеді.
ҚР қорғаныс министрлігі де бұл туралы хабарлама берді.

"Қорғаныс министрлігі Шымкент қаласының емдеу мекемелерінің бірінде Арыс қаласының әскери бөлімдерінің бірінде болған төтенше оқиға салдарынан келісімшарт қызметінің әскери қызметшісі сержант А. Н. Ахметов қаза болғанын хабарлайды. ҚР Қорғаныс министрлігінің басшылығы мен жеке құрамы қаза тапқан адамның туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады», — делінген хабарламада.