Қарияның үйінің жанына снаряд құлаған көрінеді.
Бүгін Арыс қаласында полицейлер жарылыстан кейін үйінен кете алмай, қалып қойған жаралы қарт кісіні құтқарды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
Тәртіп сақшыларының айтуынша, қария жарақат алған.
Жарылыс болған күні үйінің жанына снаряд құлаған көрінеді. Қатты жарылыс күшімен баспанасының шатыры ұшып кеткен. Өз үйінен табылған жарақаттанған ер адамға полиция қызметкерлері көмек көрсетіп, қауіпсіз жерге жеткізілді.