Арыстағы жарылыс салдарынан тағы бір адам қаза тапты

0
1 172

"Қаза тапқандардың туған-туыстарына шын жүректен көңіл айтамын", -деді премьер-министр.


Арыстағы жарылыс салдарынан тағы бір адам қаза тапты

Үкімет басшысы Асқар Мамин Арыс қаласындағы жарылыс салдарынан тағы бір адам мерт болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

"Мемлекет басшысы Арыс қаласындағы оқиға орнына барды. Қасым-Жомарт Тоқаев тапсырма берді. Тиісті шаралар ұйымдастырылып, Арыс тұрғындары қауіпсіз аймаққа көшірілді. Өкінішке орай, қаза болғандар бар: бір азамат және бір әскери қызметші. Туған-туыстарына шын жүректен көңіл айтамын. Зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетіледі", - деді премьер-министр үкімет отрысында.

Естеріңізге сала кетейік, кеше Арыстағы жарылыстан бір адам қаза тапқаны жайлы мәлімет берілген еді.