Түркістан облысы, Арыс қалалық мәдениет үйінде қала әкімі М.Қадырбек, қала әкімінің орынбасарлары, Арыс қаласы әкімі аппаратының және мекеме, бөлімдердің басшылары мен қызметкерлері «Елбасы жолы, Астана» атты филімін тамашалады.
фото: facebook.com
Түркістан облысы, Арыс қалалық мәдениет үйінде қала әкімі М.Қадырбек, қала әкімінің орынбасарлары, Арыс қаласы әкімі аппаратының және мекеме, бөлімдердің басшылары мен қызметкерлері «Елбасы жолы, Астана» атты филімін тамашалады, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
Жақында ғана көпшіліктің назарына ұсынылған туынды Елбасының шығармалары желісінде түсірілген. Фильмде қазақтың елордасын Алатау бөктерінен Арқа төріне көшіру шешімі қабылдаған сындарлы жылдардағы тарихи оқиғалар бейнеленген. Елбасының кемеңгер бастамасының арқасында елорда Алматыдан Астанаға ауысты. Фильм тариx xроноглогиясына сүйене отырып нақты даталармен және сол тұста түсірілген видеомен көркемделіпті. Бастысы көрермен көңілінен шыққан.
Фильмнің бас режиссері Ақан Сатаевтің айтуынша көрсетілімнен кейін президенттің ескертпелері болған. Алып қосар эпизоттар өңделген соң,көркем фильм үлкен экранға тәуелсіздік меркесі қарсаңында жол тартқан.
Нұрсұлтан Назарбаевтың рөлін белгілі актер Мұрат Ақманов сомдады. Кейіпкердің түр әлпеті шебер гримердің көмегімен сапалы жасалған. Ал президенттің дауысын Ерлан Қасымжанұлы айнытпай салған.
Айта керу керек, Тәуелсіз Қазақстанның жаңа тарихын қалыптастыру, оның ішінде елордамыз Астананы салу жолындағы Тұңғыш Президентіміздің өмір жолы бейнеленген фильмдегі басты рөлдерде Мұрат Ақманов, Жан Байжанбаев, Олег Ли, Азат Сейітметов, Асқар Ілиясов, Гүлнар Жақыповалар ойнайды.