Батыс Қазақстан тумалары Шымкентте пәтер тонаумен айналысқан

0
2 201

Полицейлер анықтағандай, күдіктілер қылмыстарын бір сызбамен іске асырып отырған, яғни пәтерде иесінің жоқ екенін анықтап, кілт теру арқылы ішке кірген. Содан пәтерлердегі ақша мен алтын бұйымдарды қолды етіп, іздерін жасырып келген.


Батыс Қазақстан тумалары Шымкентте пәтер тонаумен айналысқан

Шымкент қалалық ІІБ Әл-Фараби ПБ-нің кезекші бөліміне жергілікті үш тұрғыннан пәтер ұрлығы қылмысының орын алғаны туралы арыздар келіп түскен. Жәбірленушілерге жалпы соммасы 1 миллион теңгеге жуық шығын келген.

Аталған арыздар бойынша Әл-Фараби аудандық ІІБ-нің қызметкерлерінен арнайы топ құрылып, жан-жақта жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында, 1983 және 1990 жылғы Батыс Қазақстанның тумалары Алматы қаласында жүрген жерінен ұсталды. Олар алдын да осы тектес қылмыстармен сотты болған, жұмыссыз азаматтар.

Полицейлер анықтағандай, күдіктілер қылмыстарын бір сызбамен іске асырып отырған, яғни пәтерде иесінің жоқ екенін анықтап, кілт теру арқылы ішке кірген. Содан пәтерлердегі ақша мен алтын бұйымдарды қолды етіп, іздерін жасырып келген.

Қазіргі танда аталған жайттар бойынша күдіктілер соттың санкциясымен қамауға алынып, ұрлық бабымен сотқа дейінгі тергеп тексеру амалдары жүргізуде.

дереккөз: ОҚО ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасы