Дархан Сатыбалды «Turkistan Media Holding» мекемесінің жұмысымен танысты

0
484

Ақпарат саласындағы соңғы технологияларды пайдалану мәселесін ортаға салды.


Дархан Сатыбалды «Turkistan Media Holding» мекемесінің жұмысымен танысты

Түркістан облысының әкімі «Turkistan Media Holding» мекемесінің жұмысымен танысты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды «Turkistan Media Holding» мекемесінің жұмысымен танысты. «Turkistan Media Holding» ЖШС Бас директоры Жанахмет Ағыбаев өңір басшысына ақпарат саласында атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады.


Облыс әкімі «Алатау» медиа орталығына шағын экскурсия жасап, мәжіліс залын, инженерлер бөлмесі мен «Жасыл студияны» көрді. «Turkistan» телеарнасының жаңалықтар бөлімінің журналистермен пікір алмасты.


Телеарнаның студияларын аралап көрді. Сонымен бірге «Оңтүстік Қазақстан», «Южный Казахстан», «Жанубий Қозоғистон» газеттері редакциясында, Өңірлік коммуникациялар қызметі мен республикалық арна тілшілерінің қосынында болып, жай-күйін бағдарлады. Үлкен студияда «Turkistan Media Holding» мекемесінің жұмысы мен жетістіктері туралы қысқа бейнероликті тамашалап, ұжыммен тілдесті. «Turkistan» телеарнасын халықаралық деңгейге көтеріп, ақпарат саласындағы соңғы технологияларды пайдалану мәселесін ортаға салды.


Бүгінде Түркістан облысында 80-ге жуық БАҚ тіркелген. Журналистер қауымы Түркістан өңірінің дамуына үлес қосып, ақпараттық және идеологиялық салалар бойынша жүйелі жұмыс атқарып келеді.