«Ел үлесі – пәтерге»: Түркістанда тағы екі отбасы баспаналы болды

0
2 015

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бас муфтиі Серікбай қажы Ораз киелі Түркістан қаласында ауызашар берді.


«Ел үлесі – пәтерге»: Түркістанда тағы екі отбасы баспаналы болды

«Рамазан керуені» қайырымдылық шарасы аясында 300 отбасыға көмек беріліп, түркістандық екі отбасы пәтерлі болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бас муфтиі Серікбай қажы Ораз киелі Түркістан қаласында ауызашар берді.

Көпшілікті Қасиетті Рамазан айымен құттықтаған облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев Түркістанда жомарт жандарды қолға алуымен көптеген игі істер жүзеге асып жатқандығы жайында айтып өтті. Ал облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жеңісбек Мәуленқұлов, қоғам қайраткері Шалатай Мырзахметов және өзге де ел ағалары қайырымдылықжасап, көпшілікке көмек беріп отырған жандарға өз алғыстарын білдірді.

Сондай-ақ, іс- шарада ҚМДБ «Зекет» қорының ұйымдастыруымен «Ел үлесі – пәтерге» акциясы аясында екі отбасына үйдің кілті тапсырылды. Айта кетейік, бұл көпшіліктің демеушілігімен берілген 69-шы баспана.

Жиында ҚМДБ төрағасы Серікбай Сатыбалдыұлы жиылған жұртшылықты алда келе жатқан ораза айт мерекесімен құттықтап, береке тіледі.

Мешіт имамдары құран оқып, елдің амандығын Алладан тілеп дұға жасады.