Ең жас шымкенттік депутат праймеризде бақ сынайды

0
3 114

Жиырма жасында топ жаруға ниеттеніп отыр.


Ең жас шымкенттік депутат праймеризде бақ сынайды

Шымкент қалалық жастар мәслихатының депутаты праймеризге қатысады, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Елдегі саяси өзгерістердің болып жатқаны - даму тұрғысынан алға басып отырғанымыздың белгісі. Осы орайда биыл "Nur Otan" партиясының "ашық қоғам" концепциясы қолдау тауып, іске асыру мақсатында праймериз элементтерін қолданысқа енгізіп отыр.

Аталған праймеризге қатысушы жастардың бірі - 20 жасында топ жаруға ниеттеніп отырған Нұрайым Шахимерген.

Шымкент қалалық жастар мәслихатының ең жас депутаты, жастар мәселесін қозғап жүрген белсенді жанашыр жас қашан да қоғам игілігі үшін тер төгіп, өз еліне қандай да бір пайдам тисе екен деп жүрген жалынды азаматшалардың бірі. Соның ішінде ерекше атап өтуге болатын ісі - қазіргі экологияның жақсаруына үлес қосу мақсатында жүргізіліп жатқан "Таза әлем" жобасы. Осыдан-ақ, білімді де білікті Нұрайымның айналадағы мәселелерге немқұрайлы қарамайтынын аңғара аламыз.

Осы уақытқа дейін үшінші мегаполистегі көптеген іс-шаралардың жоғары деңгейде өтуіне үлес қосып, әлеуметтік проблемалар жайлы ойын ашық жеткізіп жүрген жас депутат ел ертеңі - жастарды қолдау мақсатында "Нұр Отан" партиясы беріп отырған мүмкіндік, яғни Праймеризге қатысып, бақ сынамақ.

Кез келген сыннан нәтиже шығара алатын шымкенттік жастың замандастары "алдағы сынақ сәтті өтеді" - деп, қолдап отыр.