Қонақтар Ақмешіт үңгірінде болып, табиғат тарту еткен тылсым орынның тарихына қанықты.
Бәйдібек ауданының Көктерек ауылында Елбасымыздың «Рухани жаңғыру» мақаласы аясында «Ақмешітім - киелі мекенім» атты семинар-кеңес өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
Семинарға қатысушылар Ақмешіт үңгірінде болып, табиғат тарту еткен тылсым орынның тарихына қанықты.
Іс-шарада мәдениет қызметкерлері «Туған жер» бағдарламасының мән-маңызы туралы өзара пікір алмасып, көпшілік мәдени жұмыстарға байланысты өздерінің іс-жоспарларын ортаға салды. Сонымен қатар «Ақмешіт» Мәдениет үйінің жұмысымен танысты.
Семинарда ауыл тұрғыны, кәсіпкер Нұрғали Рүстембеков өз қаражатына Мәдениет үйіне 500 мың теңгенің музыкалық аппаратурасын сыйға тартты.