Раимбеков Мұқағали Түлеубекұлы Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Жасөркен ауылында дүниеге келген.
Түркістан облысы Түлкібас ауданының кәсіпкерлік бөліміне жаңа басшы тағайындалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Түлкібас ауданының әкімі Н.Тұрашбековтың 2018 жылғы 14 желтоқсандағы №329 өкіміне сәйкес, Раимбеков Мұқағали Түлеубекұлы Түлкібас ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімінің басшысы қызметіне тағайындалды.
Раимбеков Мұқағали Түлеубекұлы 1985 жылы 3 маусымда Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Жасөркен ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары 2008 жылы - Алматы экономика және статистика академиясы, 2017 жылы - Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университетін тәмамдаған.
Еңбек жолы - 05.01.2005-11.03.2005 Шымкент қаласындағы «Жебе ЛТД» ЖШС-де оператор
18.04.2005-07.10.2006 Түлкібас аудандық ішкі саясат бөлімінің бас есепші
01.10.2007-30.04.2008 Шымкент қаласындағы «МАХ-NUR» ЖШС-нің менеджері
18.04.2009-19.04.2010 Семей қаласының №54770 Әскери бөлімінде
01.01.2013-03.10.2013 Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының шаруашылық басқармасы ЖШС-нің шаруашылық бөлімінің маманы
21.10.2013-24.01.2014 Түлкібас ауданы Майлыкент ауылдық округі әкімі аппараты бас маманының міндетін атқарушы
24.01.2014-31.07.2017 Түлкібас ауданы Майлыкент ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы
01.08.2017-13.12.2018 Түлкібас ауданы Майлыкент ауылдық округі әкімнің орынбасары
14.12.2018 осы уақытқа дейiн Түлкібас аудандық Кәсіпкерлік бөлімінің басшысы қызметтерін абыроймен атқарған.
Отбасылы. 2 ұл 1 қыз тәрбиелеп отыр.