Келес ауданында ауылдастары жалғыз басты анаға үй салып берді

0
736

Ауыл азаматтары үйдің ішін қажетті жабдықтармен де қамтамасыз етіп берген.


Келес ауданында ауылдастары жалғыз басты анаға үй салып берді

Түркістан облысы Келес ауданындағы ауыл азаматтары асарлатып жалғызбасты анаға баспана сыйлады. Ошақты ауылдық округі Жиделі елді мекенінің азаматтары осы елді мекендегі жалғыз басты анаға үй салып қана қоймай, оның ішін қажетті жабдықтармен де қамтамасыз етіпті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Ауыл тұрғындары жұмыла атсалысқан үй еңсесі биік әрі кең. Округ әкімі Нұрмаханбет Нархозиев маусым айында басталған баспана ауыл тұрғындарының ынтымағы мен ауызбіршілігінің арқасында біткенін жеткізді. Атсалысқандарға алғыс айтты.
Қоныс тойға арнайы келген аудандық мәслихаттың хатшысы Арын Тотиков, аудандық мәслихаттың депутаты Еркін Рысбаев ауыл қариялары мен жомарттық жасаған азаматтар ізгі тілектерін айтып, үй иесіне жүрекжарды лебіздерін жаудырды.
Округі әкімі құрылыс жұмыстарына атсалысқан бірқатар азаматтарды материалдық тұрғыда көмек қолын созып, азаматтық танытқаны үшін аудан әкімінің, мәслихат хатшысы мен «Nur Otan» партиясының Келес аудандық филиалының бірінші орынбасары атынан алғыс хатпен марапаттады. Алқызыл лента қиылып, жаңа баспана иесіне үйдің кілті табыс етілді.
«Осы істің ұйымдастырған азаматарға жұмыла үй салып берген барлық ауылдастарыма алғысымды айтамын. Күйеуім қайтыс болған. Екі перзентім әлі мектепте жасында. Мұндай үй салу маған арман еді. Қуанышымды сөзбен айтып жеткізе алмаймын»,-дейді қоныс той иесі.