Кентау қаласында қуаттылығы 200 мвт жел және күн электр стансасы салынады

0
2 135

Жобаның жалпы құны - 225 млрд. АҚШ доллары.


Кентау қаласында қуаттылығы 200 мвт жел және күн электр стансасы салынады

Түркістан облысы Кентау қаласында қуаттылығы 200 мвт жел және күн электр стансасы салынады, деп хабаралайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министр Асқар Маминнің Түркістанға жұмыс сапары барысында мәлім болды.

Баламалы энергия қуатын өндіру мақсатында Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі, Түркістан облысының әкімдігі және «Kazakhstan CHN-KZ electric industrial park group» Қытай компаниясы күн сәулесі мен желден қуат алмақ ниетте тамаша жобаны жүзеге асырмақшы. Нақтырақ айтқанда, аспан асты елінен келген компания екі станция салуды көздеп отыр. Осыған орай екі жақ арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Бұл келісімге сай қуаттылығы 200 мВт болатын жел электр стансасы мен күн электр стансасы салынады.

Айта кету қажет, жобаның жалпы құны - 225 млрд. АҚШ доллары құрап отыр. Электр станлары Түркістан облысындағы Кентау қаласына қарасты Қотырбұлақ елді мекенінде орналасатын болады.