Кентау қаласының шекарасы ұлғайып, халық саны 200 мыңнан асқан.
Түркістан облысы Кентау қаласына кіре-берістегі бас қақпа өзгерді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Елбасы Жарлығымен облыс орталығы Түркістан қаласына ауысуына байланысты көршілес Кентау қаласының аумағы ұлғайды. Осы орайда, Түркістанға қарасты 12 ауылдық округ Кентау қаласының құрамына өтті және кентаулықтардың саны 200 мыңнан асты. Бұл жағдай шаһардың әкімшілік аумағына, әлеуметтік-экономикалық дамуына үлкен әсер етіп отыр.
Атап айтсақ, қалаға 100 мың тұрғыны бар 12 ауылдық округ, 36 елді мекен (жер көлемі 721745,0 га) қосылған. Яғни, 40 орта мектеп, 25 балабақша, 34 денсаулық сақтау, 44 мәдени, 169 спорт саласына қатысты нысан ендігі жерде Кентауға тиесілі болады.
Сондай-ақ, жақында Кентауға кіре-берістегі бас қақпа өзгерді.
дереккөз: okg.kz