Халықтың мұң-мұқтажы «Нұр-Отан» партиясының назарында

0
1 571

Мұндағы мақсат – халықтың әлеуметтік-экономикалық мәселелерін зерделеу, Елбасының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауын насихаттау.


Халықтың мұң-мұқтажы «Нұр-Отан» партиясының назарында

фото: baribar.kz

«Нұр Отан» партиясының 20 жылдығын мерекелеуге арналған еліміздің шалғай ауылдық елді мекендерінде «Азаматтарды 20 көшпелі қабылдау» тұжырымдамасына сәйкес Түркістан облысы, Арыс қаласына қарасты Дермене ауылдық округі «Қызыл көпір» елді мекеніндегі №3 жалпы орта мектебінде «Нұр Отан» партиясы Арыс қалалық филиалының тұрғындармен көшпелі қоғамдық қабылдауы ұйымдастырылды, - деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Мұндағы мақсат – халықтың әлеуметтік-экономикалық мәселелерін зерделеу, Елбасының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауын насихаттау, халықпен өзара іс-қимыл тиімділігін арттыру, халық проблемаларына ден қою жүйесін құру, халық үшін медициналық қызметтің сапасы мен қолжетімділігін арттыру, мемлекеттік және партиялық қызмет туралы халықтың ақпараттандырылуын және құқықтық сауаттылығын арттыру, ықтимал әлеуметтік жанжалдарға жол бермеу және оларды шешу жөнінде жағдайлар жасау, әлеуметтік проблемалар мен адам құқықтарын қамтамасыз ету мәселелеріне мемлекеттік органдар мен қоғамның назарын аудару.
Көшпелі қоғамдық қабылдауда азаматша С.Сәрсенбекованың тұрғын үй құрылысына жер учаскесін алу және жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмектің қыркүйек айынан бері тоқтап қалғанына байланысты өтініші бойынша – қалалық жер кадастр бөлімінің басшысы Н.Керімшеев, қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Н.Жанбатыр және Дермене ауыл округі әкімшілігінің бас маманы Б.Әлсейітов – тұрғын үй құрылысына байланысты жер учаскесін бөлуге ешқандай кедергі жоқ, тек қана ауыл әкімінің атына өтініш жазуы керектігін айтса, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Т.Ағыбаев 2018 жылға әлеуметтік көмекке бөлінген қаржының толығымен игерілгенін, қосымша қаржы сұралғанын, қаржы қалай түседі, мәселенің солай шешілетінін тілге тиек етті.
Сонымен қатар, азамат М.Намуратовтың тұрғын үй құрылысына байланысты жер учаскесін құжаттандыру мәселесіне байланысты өтініші бойынша – Н.Керімшеев мәселенің оңды шешілуіне ешқандай кедергі жоқ екендігін айтып, көмек беретінін мәлімдеді.
Жиында «Нұр Отан» партиясы Арыс қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары И.Қалиев, ақпараттық-насихаттық топ мүшелері Ә.Жүніс, осы жолдардың авторы сөз сөйледі.