​«Харекеттің» 58-ші пәтеріне түркістандық көпбалалы ана ие болды

0
1 844

Пәтер кілтін Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Тәжібек Мұсаев табыстады.


​«Харекеттің» 58-ші пәтеріне түркістандық көпбалалы ана ие болды

«Харекет» қайырымдылық қорының 58-ші баспанасы түркістандық көпбалалы анаға табысталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Былтырғы жылы қор мүшелері мен еректілер түркістандық Тынымгүл Ермекқызы мен Әділ Тілеубергенұлының отбасына 25-ші үйдің кілтін табыстаса, жаңа жыл қарсаңында 58-ші пәтердің кілтін тағы да қала тұрғыны көпбалалы, жалғызбасты ана Жібек Жұматаеваға салтанатты түрде тапсырды. Ал, кілтті табыстау құрметіне Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Тәжібек Мұсаев ие болды.

Мәдениет үйінде «1000 теңгеге баспана» атты қайырымдылық концерті ұйымдастырылып, сатылған билеттен түскен қаржы жоспарлы мақсат бойынша сауапты іске жұмсалуы үшін өткізілді. Алдыменхарекеттіктердің отбасылық жағдайы аз қамтылған отбасылар мен көпбалалы, жалғызбасты аналардың, мүмкіндігі шектеулі жандардың үміт отының жағылуына ортақтасқан сәті бейнеленген және садақаныңпайдасы жайында дайындалған бейнероликтер көрсетілді. Кеш қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Жанболат Ибрагимовтың құттықтаусөзімен басталып, концерттік бағдарламаға ұласты.

Игі іске үлес қосуға келген өнерпаздар өнерлерін көрсетіп, көрермендер қошеметіне бөленді.Кеште жастар үшін истаграм желісі арқылы ойын ойнатылып, хештег арқылы белгіленген фотосуретіне ұнату белгісін (лайк) ең көп жинағандар бағалы сыйлықтар табысталды.

«Харекет» қайырымдылық қорының өкілі Төребай Асқарұлы сұхбат кезінде қайырымдылық шара жалғасын таба беретіндігін айтып, түркістандық ерікті жастарға рахметін жекізді. Қаншама жылдар бойы алты баласының жердемақысымен жалдамалы пәтерде өмір сүріп келген көпбалалы, жалғызбасты ана Жібек Жұматаева риясыз көңілмен жаны жомарт жандарға алғысын білдірірді.

Айта кету керек, Гүлмира Мұқанқызының бастамасымен 2017 жылы құрылған «Харекет» қайырымдылық қоры бүгінге дейін республикамыз бойынша 57 отбасының баспаналы болып, қоныс тойын тойлауына себепші болған.