"Күйеуі біліп қойды": Сарыағаш ауданында ер адам кісі қолынан қаза тапты

0
1 207

Ауылдастары марқұмның отбасылы әйелмен көңіл жарастырғанын және оны көңілдесінің күйеуі біліп қойып ұрып соққанын айтып жүр.


иллюстрациялық фото

Түркістан облысы Сарыағаш ауданында ер адам кісі қолынан қаза тапты деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Ауылдастары марқұмның отбасылы әйелмен көңіл жарастырғанын және оны көңілдесінің күйеуі біліп қойып ұрып соққанын айтып жүр.

Ал Түркістан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі аталған жәйт бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдіктілердің қолға түскенін мәлімдеді. Қазір күдікті ретінде екі адам қамауға алынған.

"Аталған жайт полиция басқармасында тіркелген. Қазіргі таңда ҚР ҚК-нің 106 бабының 3.бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті ретінде екі азамат ұсталып, қамауға алынды. Сараптамалар тағайындалды. Қорытындысы бойынша нақты процессуалдық шешім қабылданады,"- деп мәлімдеді Түркістан облыстық полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Қаракөзова.