Қырғы базарға кім тәртіп орнатады? (ВИДЕО)

0
1 220

​Редакциямызға жергілікті тұрғынның бірінен бейнежазба келіп түсті. Онда қырғы базар аялдамасы маңындағы бей-берекетсіздік бейнеленген. Аялдамадағы кептелген автобустармен жағаласып, жолды бөгеп қойған бетон блоктардан асып түсіп, жолдан өтіп жатқан тұрғындар таспада тайға таңба басқандай көрінеді.


Қырғы базарға кім тәртіп орнатады? (ВИДЕО)

Редакциямызға жергілікті тұрғынның бірінен бейнежазба келіп түсті. Онда қырғы базар аялдамасы маңындағы бей-берекетсіздік бейнеленген. Аялдамадағы кептелген автобустармен жағаласып, жолды бөгеп қойған бетон блоктардан асып түсіп, жолдан өтіп жатқан тұрғындар таспада тайға таңба басқандай көрінеді. Бұл сол жолмен жүретін көлік қозғалысына кедергі келтіріп отыр. Қала берді, ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 615-бабына қайшы.

- Жұмысқа осы жолмен келіп кетемін. Мына жерге автобустар бір-бірімен жарысып келіп, аялдамаға тоқтайды. Одан қалса, бірінің жолын бірі жауып тұрған сол автобустар жолды жауып тастайды. Айналып өтейін десең, мына жақтан жаяу жүргінші шығып қалады. Жолдың ортасына бордюр қойып тастағанымен, біздің халыққа ештеңе кедергі болмайды екен ғой, - дейді көлік жүргізушісі Ермек Момынов.

Айта кетейік, қырғы базардың осы аумағында тәртіп орнатуға әкімдік те, полиция да қанша рет талпынды. Әзірге «жартас» сол қалпы.