Қызметкерлерге заң талаптары түсіндірілді

0
1 129

Іс-шарада әрбір азамат өз мүмкіндігінше сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу арқылы Қазақстан мемлекетінің өркендеуі мен дамуына өз үлесін қоса алатыны айтылып түсіндірілді.


Қызметкерлерге заң талаптары түсіндірілді

Жақында Түркістан облысы Арыс қаласы №7 өрт сөндіру бөлімінің бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі Қ.Алиханов бөлім қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлыққа және осы тұрғыдағы құқық бұзушылықтарға жол бермеу және осы жөніндегі білім деңгейлерін арттыру, қызметкерлердің әдептілік ұстанымын жоғарылату мақсатында дөңгелек үстел өткізді, - деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі департамент баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сыбайлас жемқорлық – лауазымдық өкілеттілігін теріс пайдалану негізінде жасалатын қылмыстық іс. Бұл қылмыс елдің дамуына үлкен нұқсан келтіреді. Сондықтан да кез келген қызметкер заңның барлық талаптарын мүлтіксіз сақтап, сыбайлас жемқорлыққа жол бермеуі қажет. Бұл үшін әрбір азамат заң талаптарын жақсы білуі керек.

Осыған орай Арыс қаласындағы №7 өрт сөндіру бөлімінде қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа және осы тұрғыдағы құқық бұзушылықтарға жол бермеу, әдептілік ұстанымын жоғарлату мақсатында дөңгелек үстел ұйымдастырды.

Бұл іс-шараға ҚР ҰҚК Арыс қалалық бөлімінің жедел уәкілі Ғ. Құланов, Арыс аудандық полиция бөлімінің қызметкері Ж. Жүнісбеков, кадр жұмысы бөлімінің бас маманы Ғ. Әлжанов шақырылды.

Дөңгелек үстелге шақырылған қонақтар өз тарапынан заңнамалық құжаттар бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, қызметкерлердің сұрақтарына жауап берді.

Мамандар сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Заңнамаларын сақтау арқылы әрбір азамат әкімшілік, тәртіптік және қылмыстық жауапкершілікке әкеліп соғатын құқық бұзушылыққа жол бермеуге болатындығы туралы айтып өтті. Сондай-ақ, бұл бағытта әрбір азамат өз мүмкіндігінше сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу арқылы Қазақстан мемлекетінің өркендеуі мен дамуына өз үлесін қоса алатыны айтылып түсіндірілді.

Арыс аудандық полиция бөлімінің қызметкері Жарқын Бахтиярұлы Жүнісбеков әсіресе тәртіпті қатаң сақтауға үлкен көңіл бөлу керектігін баса айтты. Іс-шара барысында кадр жұмысы бөлімінің бас маманы Ғ. Әлжанов сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша атқарылған жұмыстар туралы айтып берді.