​Мақтааралда қамкөңіл балаларға қайырымдылық жасалды

0
2 205

Әдетте жаңа жыл шыршасы – балалардың тағатсыздана күтетін мейрамы. Жаңа жылан жылының кіріп келуі де Мақтаарал ауданындағы бүлдіршіндерді зор қуанышқа бөледі.


​Мақтааралда қамкөңіл балаларға қайырымдылық жасалды

Түркістан облысында Мақтаарал аудан әкімінің жаңа жылдық шыршасы барысында балалар Аяз Ата мен Ақша қармен шыршаны айнала ән салып, би билеп, тақпақ айтты. Ертегі әлемінің кейіпкерлері өрендерге ғажайып көңіл-күйсыйлап, сыйлықтарын ұсынды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Атакент кентіндегі «Алтын шаңырақ» мейрамханасында өткен жаңа жылдық шыршада көп балалы және аз қамтамасыз етілген әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардан шыққан, ата-ана қамқорлығынысыз қалған 115 балаға арналып мерекелік дастархан жайылды. Жылына бір келетін мерекенің басты кейіпкері – Аяз ата мен Ақшақар тақпақ айтып, би билеген, ән салып өз өнерлерін ортаға салған барлық балаларға қапшықтарынан сыйлық ұсынып, көңілдерін жадыратты. «Шымкент» жастар театрының өнерпаздары ертегі әлемінің кейіпкерлерін сомдап,балалармен қосылып әсем безендірілген шыршаны айнала би биледі.

«Жаңа жыл – қашанда әр адамның жүрегіне жаңа үміттер мен аппақ армандар ұялататын, ғажайып қиялдарға қол создыратын сүйікті мерекеміз. Бұл күн болмыстағы бояудың барлығын үміттен, қуаныштан, махаббаттан алып, айналаға нұр болып шашылып, әр шаңыраққа шуақ болып тарайды. Жаңа жылда денсаулықтарың күйлі-қуатты, бақыттарың баянды, көңіл-күйлерің тамаша болсын!» - деді Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Насырханұлы.

Балалардың жаңа жылдық шыршасына аудан кәсіпкерлері де демеушілік жасап, өз тараптарынан бағалы сыйлықтар табыс етті. Қайырымы мен сауабы молшара барысында жаны жомарт жандар аудан әкімі мен аудандық білім бөлімінің алығыс хаттарымен марапатталды.