Мақтааралдықтар ардагерлер кеңесінің төрағасын сайлап алды

0
2 172

Күн тәртібіндегі басты мәселе – 90 жылдық тарихы бар Мақтаарал ауданының ардагерлер кеңесінің төрағасын сайлау болатын.


Мақтааралдықтар  ардагерлер кеңесінің төрағасын сайлап алды

Мақтаарал ауданында ардагерлер ұйымын құру мақсатында құрылтай конференциясы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ аудан әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кеңес жұмысына Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Асанов, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жеңісбек Мәуленқұлов және аудандық ардагерлерден сайланған 51 делегат қатысты.
Күн тәртібіндегі басты мәселе – 90 жылдық тарихы бар Мақтаарал
ауданының ардагерлер кеңесінің төрағасын сайлау болатын. Сондай-ақ,
жиында есеп, мандат, редакциялық комиссия мүшелері анықталды.
Жиында сөз алған Түркістан облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы
Жеңісбек Мәуленқұлов ардагерлер кеңесінің қоғамдағы рөлі туралы сөз
қозғап, конференицияны ашып берді.
Жиын барасында аудан ардагерлері пленум мүшелеріне 22 адамның есімін
енгізу жөнінде дауыс берді. Сондай-ақ, бірауыздан Сейітбек Оңғаровты
Мақтаарал аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы етіп сайлады.
Жиында сөз алған Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Асанов жаңа төрағаны
құттықтай отырып, алдағы жұмысына табыс тіледі.
«Қазақ қашанда ақ сақалды қарияның бір ауыз сөзіне тоқтап, ардагерлерін
ардақтай білген халық. Жаңадан құрылған Мақтаарал ауданының қоғамдық
саяси ахуалының тұрақтылығын сақтап, ынтымақ-бірлігін арттыруда
ардагерлеріміздің рөлі зор. Сондықтан, сайланған төраға мен барлық
делегаттарды құттықтай отырып, дендеріңізге саулық тілеймін!», - деді
Бақыт Нәсірханұлы.
Айта кетейік, жақында ғана кенттер мен ауылдық округтердің бастауыш
ардагерлер ұйымының жиындары өткізіліп, Пленумға делегаттар сайланды.
Мақтаарал ауданының кенттері мен ауылдық округтерінде 7520 ардагер бар
болса, соның 51-і делегат атанды.