5 мыңнан астам отбасының 1308-і аталған қаражатқа қол жеткізді.
Мақтаарал ауданындағы су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға Ә.Усманов қорынан 5 млн 202 мың АҚШ доллары 5202 жанұяның (30 420 адам) есепшоттарына аударылады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Бүгінде бұл қаржыны 1308 отбасы алып үлгерді. Тұрғындарға бүгінгі таңда 4638 банк картасының 90 пайызы таратылды. Қалған отбасыларға қаржы алдағы уақытта аударылатын болады. Бұл туралы «Nur Otan» партиясының Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бейсен Тәжібаевпен өткен тікелей эфирде облыстық қаржы басқармасының басшысы Әбдірахман Тасыбаев мәлімдеді.
Тікелей эфир соңында Бейсен Дәулетұлы зардап шеккен тұрғындарға өтемақыны төлеу бойынша халыққа түсіндіру жұмыстары жанданып, азаматтардың өтініштері мұқият қаралу керектігін баяндады.