Мәжіліс депутаттары Түркістанға өз бағаларын берді

0
1 798

ҚР Парламент Мәжілісі депутаттары Түркістанға келді.


Мәжіліс депутаттары Түркістанға өз бағаларын берді

ERNUR.KZ. ҚР Парламент Мәжілісі депутаттары Түркістанға келді, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.


Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаттары, «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшелері 2018 жылдың 20 тамызынанбастап Түркістан облысына келіп, халықпен бірқатар кездесулер өткізуде.


Атап айтсақ, Уалихан Қайназаров, Берік Оспанов,Дархан Мыңбай Түркістан қаласындағы индустриялды аймақта орналасқан жиһаз шығаратын «Гранд Микс» ЖШС өндіріс орнын аралап, жұмысымен танысты.


«Гранд микс» жиһаз фабрикасының өнімдері тұтынушылар арасында үлкен сұранысқа ие. Заманауи техникалық станоктармен жабдықталған өндіріс орнында тұрақты 30-40 жұмысшы жұмыс жасайды. Үйге, кеңсе арналған жиһаздардың сапасы шетелдік танымал брендтерден кем түспейді. Жиһаз өндірісіне қажетті компоненттер Ресей мен Польшадан жеткізіледі. Кейбір бөлшектер тікелей цехта өндіріледі. Жаңа жабдықтар мемлекеттік қолдаудың арқасында орнатылған.


«Мемлекеттік қолдаудың арқасында біздің фабрикакішігірім шеберханадан, жиһаз сәнін дамытудағы әлемдік үрдістерді қолдайтын көшбасшы брендке айналды. Болашақтаалға қойған ауқымды, бірақ амбициялық жоспарлар бар. «Гранд Микс» фабрикасының жиһаздары Қытай, Ресей және Белоруссия нарығына шығады деп жоспарлап отырмыз», - деді жиһаз фабрикасының басшысы Сабыр Ысқақов.


Сондай-ақ,іс-сапар барысында депутаттар облыс орталығы болған Түркістан қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімінің ұжымымен кездесіп, болашақта бой көтеретін ғимараттар мен мәдени нысандардың макетімен танысты.


Айта кетсек, Мәжіліс депутаттары атқарылған жұмыстарға оң бағасын берді.