Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Түркістан құрылысын жеделдетіп, оны тез арада дамытуға уәде берді.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Түркістан құрылысын жеделдетіп, оны тез арада дамытуға уәде берді, деп хабарлайды ERNUR.KZ Tengrinews.kz сайтына.
«Түркістанды тез арада дамытамыз. Онда жақсы туристік орталық жасау керек. Қазірдің өзінде туристер барып жатыр, 100 мың турист болып қалды... Олардың санын әлі көбейтуге болады», - деді Назарбаев Ақмола облысындағы туристік нысандардың біріне бару кезінде.
Президенттің айтуынша, ол Қазақстанның барлық тоғыз курорттық жеріне барып қайтты.