Бауырдағы қатерлік ісіктерді емдеудегі өздерінің тәжірибелерімен хирург-гепатологтар Жигжидсурэн Чинбурэн мен Мендхаргал Адилсайхан, Моңғолияның еңбегі сіңген дәрігері Рамиш Асай мен рентген-хирург Пуревбаатар Бат-ирээдуй бөлісетін болады
Сәуірдің 9-ы мен 11-і аралығында Моңғолияның Ұлттық рак орталығының онколог-дәрігерлері Шымкентте шеберлік-сабақтарын өткізбек, деп хабарлайды ERNUR.KZ ҚазАқпарат порталына сілтеме жасап.
Бауырдағы қатерлік ісіктерді емдеудегі өздерінің тәжірибелерімен хирург-гепатологтар Жигжидсурэн Чинбурэн мен Мендхаргал Адилсайхан, Моңғолияның еңбегі сіңген дәрігері Рамиш Асай мен рентген-хирург Пуревбаатар Бат-ирээдуй бөлісетін болады. Сессияны облыстық онкологиялық диспансердің бас дәрігері Сәкен Қатбаев ашады. Шетелдік мамандар лекциялар мен шеберлік сабақтарын жергілікті дәрігер-онкологтар үшін ұйымдастырмақ.
иллюстрациялық сурет