Жиында мемлекет тарапын мектептерге жеткілікті қаражат бөлініп жатқанын, бірақ білім ұйымдарында әртүрлі себептерді алға тартып, ата-аналардан және мұғалімдерден заңсыз ақша жинау мәселесі тыйылар еместігі айтылды.
Бүгін ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жеқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облысы бойынша департамент басшысы Ғалым Тұрсынбаевтың төрағалығымен Сарыағаш ауданның мемлекеттік қызметшілерімен және бюджеттік ұйым басшыларымен кездесу өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
Жиын барысында Ғ.Тұрсынбаев аудан басшылығына екі ауданда да қайта құру кезеңі болуына байланысты қызметшілерді қайта тағайындауда мемлекеттік қызметшілердің кепілдіктері мен құқықтарын ескеріп, олардың біліктілігін сәйкес лауазымдар ұсыну қажеттігін ескертті.
Жиын соңында мемлекет тарапын мектептерге жеткілікті қаражат бөлініп жатқанын, бірақ білім ұйымдарында әртүрлі себептерді алға тартып, ата-аналардан және мұғалімдерден заңсыз ақша жинау мәселесі тыйылар еместігі айтылды.
Мектеп директорларына заңсыз сыйлықтар алу, ата-аналар мен оқуышылардан негісіз ақша жинау деректерін болдырмау, оның алдын-алу мақсатында барлық білім беру ұйымдары нақты шаралар қабылдау қажеттігін, егер аталған жағдайлар қайталана берсе, жұмыстан босатылу немесе заңда көзделген тәртіппен материалдар құқық қорғау органдарын жолданатылатын айтып ескертті.
Жиынан соң Сарыағаш қаласында орналасқан Түркістан облысы. Сарыағаш аудандық «Нұр Отан» партиясының филиалында жеке қабылдау өткізді.