Бүгін Үкіметтің отырысында Шымкент агломерациясының даму жоспары бекітілді. Селекторлық режимде өткен жиында Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаев Шымкент агломерациясының Өңіраралық схемасы туралы баяндады, - деп хабарлайды ERNUR.KZ облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бүгін Үкіметтің отырысында Шымкент агломерациясының даму жоспары бекітілді. Селекторлық режимде өткен жиында Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаев Шымкент агломерациясының өңіраралық схемасы туралы баяндады,- деп хабарлайды ERNUR.KZ облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Шымкент агломерациясын дамыту жоспары аясында Үкімет басшысына көліктік жүйені дамыту үшін Шымкент қаласының Оңтүстік, Шығыс және Солтүстік бөліктерінде үш айналма жолды, қаланың сыртқы айналмадағы 118 шақырымын жөндеуді, Сарыағаш қаласының айналма жолы мен облыстық және аудандық маңыздағы 720 шақырым жолды жөндеуді ұсынды. Ұсыныстардың арасында «Шымкент-2» темір жолы мен Шымкентті айналма 43 шақырымдық темір жолды салу жобасы да бар. Сонымен қатар, Арыс вокзалын да жөндеудің маңғыздылығы мен Шымкент қаласы мен Сарыағаш ауданында 2020 жылға дейін екі көліктік-логистикалық орталық салу қажеттілігі де айтылды.
Осы ретте сөз алған облыс әкімі Жансейіт Түймебаев облыс халқының тығыздығы мен жергілікті экономиканың аграрлық сипатқа ие екеніне тоқталды. Шымкент агломерациясы даму жоспарын табысты іске асуы үшін жаңа жұмыс орны ашылатын өндіріс кәсіпорындары мен мал басы 5-10 мыңнан асатын ірі агроөнеркәсіп кешендерін салу бүгінгі қажеттілігі екенін атап өтті.
«Шымкент агломерациясының ядросын электр қуатымен және газбен жабдықтау мәселесі де өзекті болып табылады. Осыған орай, «Астана-1,2» электр подстанциясынының құрылысын аяқтауға және АГРС-тың құрылысына республикалық бюджеттен қаржы бөлінсе. Ал елімізде дүниеге келіп жатқан балалардың 25 пайызы біздің облысқа тиесілі, сондықтан да агломерация аясында 175 жаңа мектептің қажет екенін атап өткім келеді. Шымкент қаласы ТМД елдерінің мәдени астанасы болып жариялануына байланысты және туризм индустриясының өркендеуіне орай қолданыстағы әуежайды қайта жаңғырту да кезек күтіп тұр. Мұндай ауқымды жобалар өңірдің жаңа қарқында дамуына серпін береді»,- деді Ж.Түймебаев.