Бәйдібек және Сарыағаш аудандарына жаңа прокурорлар тағайындалды
Оңтүстік Қазақстан облысының Бәйдібек және Сарыағаш аудандарына жаңа прокурорлар тағайындалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі ОҚО прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 4 маусым 2018 жылғы бұйрығымен Жомарт Нұрғалиұлы Нұрғали Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданының, ал Әділ Абдіқадырұлы Кәрім Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек ауданының прокуроры қызметіне тағайындалды.
Жомарт Нұрғали 30 қаңтар 1978 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласында туылған, білімі жоғары, Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетін «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
Сыныптық шені - әділет кеңесшісі. Ол бұған дейін Шымкент қаласы Абай ауданының прокуроры қызметтерін атқарған.
Әділ Кәрім 10 қараша 1984 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласында туылған, білімі жоғары, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
Сыныптық шені – кіші әділет кеңесшісі. Әділ Абдіқадырұлы Шымкент қаласы Қаратау ауданының прокуроры қызметтерін атқарған.