ОҚО ӨНЕРПАЗДАРЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ АЯСЫНДА 6 МЕМЛЕКЕТТЕ ӨНЕР КӨРСЕТПЕК

0
1 249

Түркиядағы өнер сапары 26 наурызға дейін Кастамону, Анкара, Болу, Ыстамбұл қалаларында, сонымен қатар, 24 наурыз - 6 сәуір аралығында Болгария, Македония, Босния, Албания, Черногория мемлекеттерінде Халықаралық Наурыз мерекесіне арналған концерттер жалғасады.

ОҚО ӨНЕРПАЗДАРЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ АЯСЫНДА 6 МЕМЛЕКЕТТЕ  ӨНЕР КӨРСЕТПЕК

ERNUR.KZ. Биылғы жылды Түркі елдері үшін "Кастамону-Түркі әлемінің мәдени астанасы" деп жариялағаны белгілі. Аталған жылдың салтанатты ашылуы мен Наурызнама мерекесіне Қазақстанның атынан оңтүстікқазақстандық өнер ұжымдары мен ОҚО Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының Мәдениет және өнер бөлімінің басшысы Ғалия Шарафиева, «Қазына» би ансамблі, «Семсер» тобы, Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филармонияның әншілері Наркенже Серікбаева, Айнұр Әбілдаевалар аттанған болатын.

Осы орайда, Кастамону қаласының губернаторы Яшар Карадениз бен Кастамону қаласының мэрі Тахсин Бабаш Түркі елдерінен келген делегаттармен кездесіп, мәдени жылдың жоспарымен таныстырды.