ОҚО: Ордабасы ауданының әкімі арызданып келген азаматтың ісін сотқа беруді тапсырды

0
2 014

ERNUR.KZ. Ордабасылықтар аудан әкімі Рашид Қайыпжановтың қабылдауында жеке мәселелерін жеткізді.


ОҚО: Ордабасы ауданының әкімі арызданып келген азаматтың ісін сотқа беруді тапсырды
ERNUR.KZ. Ордабасылықтар аудан әкімі Рашид Қайыпжановтың қабылдауында жеке мәселелерін жеткізді. Олардың алғашқысы ауыл ішіндегі көшені заңсыз қоршау дерегі бойынша арызданып келген. Жергілікті тұрғын аталған мәселенің шешілуін талап етіп, аудан басшысынан көмек сұрады. Ал, бөржарлық еңбек ардагері Ұялыжар ауылындағы мүмкіндігі шектеулі балалар үшін арнайы оңалту орталығын ашу жөнінде мәселе көтерді. Сонымен қатар, ауылда электр жарығының соңғы кезде жиі сөнетінін айтып, шағымданды. Бүкіл бір ауылдың сәлемін ала келген Қ.Сыпатаев атындағы ауыл тұрғыны ішкі көшелерге тас төсеу керектігін жеткізді.

Аудан басшысы тұрғындарды тыңдай келе, Бадамда орын алған жағдайды заң тұрғысынан шешу үшін ауыл әкімінің орынбасарына құжаттарды жинап, тез арада сотқа өткізуді тапсырды.
Еңбек ардегерінің өтініші бойынша анықталғаны: Ұялыжар ауылында бүгінде мүмкіндігі шектеулі 7 бала бар. Оларға 2 әлеуметтік қызметкер қызмет көрсетуде. Бүгінгі таңда Ұялыжар ауылынан оңалту орталығын ашуды қажет етпейді. Ал, электр жарығының сөну себебін анықтап, келеңсіздікті жою сала мамандарына тапсырылды. Сондай-ақ, алдағы уақытта аудан әкімі мәселені жеке бақылауында ұстайтынын ескертті.

Қ.Сыпатаев атындағы ауыл көшелерінің ахуалы жақын арада шешілмек. Ол үшін жауапты мамандарға арнайы тапсырмалар мен міндеттер жүктелді.