ОҚО: "Самғау-2018" фестивалінің бас бәйгесі 500 мың теңге

0
1 845

"Самғау-2018" фестивалі - жас режиссерлардың қысқа метражды бейнефильмдер байқауы. Биыл байқауға - екінші жыл .


ОҚО:

ERNUR.KZ. 2018 жылдың 7-маусым күні ОҚО, Жастар ресурстық орталығында Елордамыз Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына орай Оңтүстік облысының жас режиссерлары арасында "Самғау-2018" кинофестивалін ұйымдастырушылар баспасөз-конференциясын өткізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.


"Самғау-2018" фестивалі - жас режиссерлардың қысқа метражды бейнефильмдер байқауы. Биыл байқауға - екінші жыл . 2017 жылы үлкен дәрежеде өткен бұл фестиваль ОҚО әкімдігінің және Облыстық жастар ресурстық орталығының қолдауымен жалғасын табуда. Байқау мақсаты жас режиссерлар мен дарынды жастарды қолдау, ұлттық мәдениетті дамытып, әлеуметтік мәселелерді қамтитын қысқаметражды бейнефильмдер арқылы насихаттау. Байқауға бағдарлама талаптарына сәйкес кино-видео саласында тәжірибесі бар 14-29 жас аралығындағы жастар мен жас мамандары бар киностудиялар қатыса алады. Қатысушы 2018 жылдың 7 маусымынан 1 шілдеге дейін өтінімдерін kinofestival2018@bk.ru және www.zhaslife.kz электрондық мекен-жайларына жіберіп немесе +7 778 390-28-90 нөміріне хабарласу арқылы тіркелуіне болады.

«Өткен жылы сценарий жақсы жазылған фильмдердің түсірілімі рөлді ашып бере алмай қалған және дыбыс қателігі орын алған жайттар да кездесті. Құрал-жабдықтар жағынан қажеттіліктер туындаса ұйымдастырушылар тарапынан қолдау көрсетіледі. Жеңімпаздар бас жүлде, I,II,III орындарымен және " үздік актер", "үздік актриса" номинацияларымен марапатталады. Режиссерлардың шығындары мен еңбегін ескере отырып биыл бас бәйге 500 мың теңге жүлде қорын құрайды. Былтырғы жылдың қателігі: бекітілген мерзімнен кешігіп менікін өткізе салшы, "пәленше" өтініш айтқан еді деген сынды сөздерді естідік. Бұндайды доғарып, толықтай жауапкершілікпен қарайық демекпін",-деп қорытындылады Жастар Ресурстық Орталығының басшысы Береке Дүйсебек.