Оқушылар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу шарасы өтті

0
1 366

Отырар ауданы Темір ауыл округінде өткен шараға "Темір" жалпы орта мектебінің 11-сынып оқушылары қатысты.


Оқушылар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу шарасы өтті

Түркістан облысы Отырар ауданы Темір ауыл округіндегі "Темір" жалпы орта мектебінде оқушылар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу және жолын кесу мақсатында мектеп оқушыларымен жиналыс болып өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

"Мен және менің полицейім" акциясы аясында ұйымдастырылған шараның мақсаты — оқушыларды құқықбұзушылыққа итермелейтін жат қылықтардан аулақ болуға шақыру. Мектеп инспекторы А.Орымбайдың басшылығымен өткізілген жиналысқа 11-сынып оқушылары қатыстырылды. Инспектор жиналыста жасөспірімдерге Тәуелсіздік мейрамы құрметіне берілген демалыс күндерінде ата-аналардың рұқсатынсыз түнгі мезгілде адамдар көп шоғырланған жерлерге бармауларын ескертті. 16 және 18 желтоқсан күндері аралығында күшейтілген режимде рейдтер жүргізілетіндігін де баса айтты. Сонымен қатар, мектеп оқушыларына жолда жүру ережесін де сақтауды басты назарда ұстау қажеттігін түсіндірді.

Жиынды ДТІЖО Б.Мұратбек қорытындылап, "Білім мен тәртіп бірге жүргенде ғана нәтижелі болмақ" деп, оқушыларды құқық бұзатын келеңсіз жайттардан аулақ болуға шақырды.