Ел ағалары сын сағаттарға толы болған биылғы жылдың сынағынан сүрінбей өткен облыс басшысына алғыстарын айтты.
Түркістан облысында сайлаудың үгіт-насихат жұмыстары қыза түсті. Жалпы өңір саяси науқанға 100 пайыз дайын, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Аймақ басшысы Өмірзақ Шөкеев аудан, қалаларды арнайы аралап, жергілікті жердегі сайлау учаскелерінің ел үшін саяси маңызы зор күнге дайындығымен танысуда. Осы мақсатта Арысқа аттанған облыс әкімі жергілікті ақсақалдармен жүздесті. Ел ағалары сын сағаттарға толы болған биылғы жылдың сынағынан сүрінбей өткен облыс басшысына алғыстарын айтты.
"Біз, арыстықтар, Елбасының жан-жақты қолдауын сезініп, Мемлекет басшысының Арысқа деген қамқорлығын білеміз. Пандемия мен төтенше жағдайдан, селден аман қалған елімізге жылды жақсы қорытындылап, келер жылдан мол үміт күтетінімізді айқымыз келеді. Ел бірлігі, тұрақтылығы және дамуы маңызды. Еліміз үшін маңызы зор алдағы сайлау науқанына да атсалысып, өз таңдауымызды жасаймыз", – деді арыстық ақсақалдар.
Түркістан облысы бойынша жалпы саны 911 сайлау учаскесі болса, Арыс қаласы мен қалаға қарасты 6 ауылдық округте 34 сайлау учаскесі тіркелген. Ал сайлаушылар саны 45 575 адамды құрайды. Барлық сайлау учаскелерінде карантиндік шектеулер, санитарлық-эпидемиологиялық талаптар қатаң сақталады.
Бүгінде саяси додаға еліміздегі партиялардың филиалдары үлкен дайындықпен кіріскен «Nur Otan» партиясына келсек, облыстық-аймақтық сайлау комиссиясында 632 кандидаттан тұратын партиялық тізім тіркелді. Оның ішінде 536 адам праймериз жеңімпазы болса, 96 адам партия филиалының квотасына ие болғандар.
Сондай-ақ штаб жанынан белсенді үгіт-насихат жұмыстарын ұйымдастыруға арналған Жастар қанаты құрылды. Оған «Jas Otan» жастар қанатының барынша дайындалған 1000-нан астам белсенділері мен партияның жас жақтастары кірген. Ақпараттық бағытта да кәсіби мамандар штаб құрамына алынған.
320 депутаттық мандаттық орынға 632 адамнан тұратын партиялық тізім жасақталды. Оның ішінде 31% әйелдер болса 21% – 35 жасқа дейінгі жастар. 83 азамат облыстық мәслихат депутаттығына кандидат. Партиялық тізімі 74%-ға жаңарып, кандидаттардың орташа жасы 40 жасты құрады. 7 үміткер Мәжіліске ұсынылды.
Жалпы Түркістан облысында 1 миллион 200 мыңға жуық сайлаушы бар. Олар 911 сайлау учаскеге біріктірілген. Осылайша, түркістандық «нұротандықтар» партияның 7 бағыттан тұратын өңірлік сайлауалды бағдарламасын елге насихаттау, түсіндіру бағытында жұмыс атқарады.