Онлайн сот оң нәтиже беруде

0
2 517

Тараптар ұялы телефонымен бейнебайланыс арқылы сот отырысына қашықтан қатыса алады.


Онлайн сот оң нәтиже беруде

ERNUR.KZ. Жаңа технологияларды қолдану арқылы азаматтық істер онлайн тәртіпте қаралуда, деп хабарлайды ERNUR.KZ Түркістан облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Атап айтсақ, сот жүйесінің дамытудың жеті басым бағдарламасында көзделген сот жүйесінде инновациялық технологияларды қолданып, цифрландыру өз нәтижесін беріп, тиімділігін күнделікті дәлелдеуде.

Түркістан облыстық мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты мен Мемлекеттік кірістер департаменті арасында келісім жасалынып, іске қатысушы тұлғалардың уақыты мен қаражатын үнемдеу және істерді қарау мерзімдерін жеделдету мақсатында заңды тұлғаларды мәжбүрлі түрде таратуға қатысты азаматтық істерді қарауды «Электронды түрде» жүзеге асырып, онлайн тәртібінде жүргізу қолға алынған. Яғни, тараптар ұялы телефонымен бейнебайланыс арқылы сот отырысына қашықтан қатыса алады.

Сонымен қатар, бұл бастама оң нәтиже беріп, қазіргі таңда облыстық мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты 30-дан астам азаматтық істі онлайн режимде қараған.

Айта кетейік, тараптардың өкілдері үнемделген уақыттары үшін ризашылығын білдіріп жатыр.