ОҚО-да ірі сауда орындарында өрт қауіпсіздігін тексеру жүріп жатыр

0
1 649

Облыс аумағында 13679 жеке кәсіпкерлік субъектілері есепке алынған. Оның ішінде 1793 объект ҚР Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жыл сайын тексерілетін тәуекел дәрежесі жоғары топтағы объект санатына жатады. Жоғары топтағы объектілер қатарына 103 сауда орындары, оның ішінде 49 базарлар мен сауда қатарлары, 51 сауда орындары, 6 сауда ойын сауық орталықтары.


ОҚО-да ірі сауда орындарында өрт қауіпсіздігін тексеру жүріп жатыр

Кемерово қаласындағы «Зимняя Вишня» сауда ойын-сауық орталығында болған өрттен кейін, еліміздегі барлық ірі орталықтарды өрт қауіпсіздігіне тексеру басталды, - деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

«Біз кешеден бері қаламыздағы барлық сауда орындарын, бала-бақшаларды тексеруді бастадық. Соңғы 2 жылда жоғары тәуекел дәрежесіне жататын 80-ге жуық объектісіне өрт-техникалық тексеру жүргізілген. Нәтижесінде 2 млн 495 мың теңгені құрайтын әкімшілік айыппұл салынды», -деді ОҚО ТЖД бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі Нұрғали Жунусов.

Облыс аумағында 13679 жеке кәсіпкерлік субъектілері есепке алынған. Оның ішінде 1793 объект ҚР Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жыл сайын тексерілетін тәуекел дәрежесі жоғары топтағы объект санатына жатады. Жоғары топтағы объектілер қатарына 103 сауда орындары, оның ішінде 49 базарлар мен сауда қатарлары, 51 сауда орындары, 6 сауда ойын-сауық орталықтары.

2018 жылдың бірінші тоқсанында кестеге сәйкес тіршілікті қамтамасыз ету және халық көп жиналатын нысандарда 5 өрт-техникалық оқу жаттығуы өткізілген.

«2017 жылы жалпы қаламызда 36500 өртке шақыру тіркелген. Оның ішінде 683 рет түрлі ұсақ өрт тіркелген, авариялық құтқару жұмыстары бойынша 34 қоңырау түскен, жануға жатпайды деп есептелетін 5190 рет қоңырауға шықтық. Өрттен 16 адам құтқарылды, 71 адам қауіпсіз жерлерге көшірілді. Өртену қауіпі туындаған аумақтардан 1 778 392 теңгенің мүлкі көшірілді. 2018 жылдың бірінші тоқсанында қызметтік бюроға 5825 шақыру тіркелді.Оның ішінде өртке қатысты 117 шақырулар түсті. Әр түрлі апаттық құтқару жұмыстарына 5 рет шықты. Жылдың басынан бері өрттен 59 адам құтқарылса, 276 адам қауіпсіз жерлерге көшірілді», - деді майор Қуаныш Арсланов.