Ордабасыда облыстық ата-аналар конференциясы өтті

0
2 138

Аудандық ата-аналар кеңесінің төрайымы Рахиева Аймхан Төлегенқызы «Мәңгілік елдің болашағы-ұрпағымыздың тәрбиесіндегі НЕГІЗГІ тұлға ата- аналарға ҮНДЕУ!» тастады.


Ордабасыда облыстық ата-аналар конференциясы өтті

Ордабасы аудандық білдім бөлімінің ұйымдастыруымен аудандық мәдениет үйінде «Тату отбасы- бақытты бала- гүлденген ел» атты облыстық ата-аналар конференциясы болып өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Конференцияға аудан әкімінің орынбасары, аудан прокуратурасының прокуроры, облыстық білім басқармасының мамандары, облыстық отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасы басшылығы, мамандары, облысқа қарасты басқа аудандық білім бөлімінің мамандары, аумақ әкімдері, аудандық ішкі істер бөлімі, білім беру мекемелерінің басшылары, қоғамдық ұйымдар өкілдері, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, білім беру мекемелерінің педагог-психологтары, әлеуметтік педагогтар және ата- аналар комитетінің төрағалары, ата-аналар қатысты. Жиынға қатысушыларға арнайы конференциның эмблемасы шарф тағылып, бағдарламасы, аудандық прокуратура мен білім бөлімінің бірлесіп жасаған ата-аналарға арналған жадынамасы мен жеделдеме таратылды.

«Ұяда не көрсе – ұшқанда соны іледі», «Бала жүрегіне үңілсек...» атты бейнеролик көрсетілімімен басталған конференцияны аудан әкімінің орынбасары Азат Әбдуғалиұлы Оралбаев жүргізіп отырды. Жиынға арнайы келіп қатысқан облыстық отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасы басшысының орынбасары Сәдібек Марат Сайфуллинұлы, осы мекеменің бөлім басшысы Асанов Нұржан Нартажыұлы қазіргі кездегі жасөсіпірімдер арасындағы өзекті мәселеге айналған құқықбұзушылық пен бала құқығының қорғалу жайларынан сөз қозғап, балалардың өмір қауіпсіздігін сақтауда ата-аналарға көбірек жауапкершілік артылатынын тілге тиек етті.

Облыстық деңгейдегі жиынды ұйымдастырушы Ордабасы аудандық білім бөлімінің басшысы Нұрабаева Шұға Тұрмаханбетқызы балалар арасында орын алып жатқан келеңсіз жағдайларды айта келіп соның ішінде жол-көлік оқиғаларына тоқталды. Мектептегі міндетті мектеп киім үлгісі, мектеп пен ата-аналар арасындағы келісім-шарттың жүргізілуі және бала тәрбиесіндегі ата-ана жауапкершілігінің әлі де болса өз деңгейінде болмай отырғаны туралы айтты.

Аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары Нұрлан Мұратов жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтардың алдын алудағы ата-ана жауапкершілігі туралы айтса, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Тұран Әбдіқайымұлы, аудандық «Әйелдер кеңесінің» төрайымы Гүлия Тайтелиевалар «Ұл тәрбиелей отырып жер иесін, Қыз тәрбиелей отырып ұлтты тәрбиелейтініміз» туралы сөз қозғады.

Аудандық ата-аналар кеңесінің төрайымы Рахиева Аймхан Төлегенқызы «Мәңгілік елдің болашағы-ұрпағымыздың тәрбиесіндегі НЕГІЗГІ тұлға ата- аналарға ҮНДЕУ!» тастады. Конференцияны жүргізіп отырған аудан әкімінің орынбасары Азат Әбдуғалиұлы Оралбаев ата-аналар жиынының ұсынымдарын таныстырды. Жиын соңында ұл-қызына үлгілі тәрбие беріп, қоғамдағы түрлі жұмыстарға белсене араласып жүрген «Үлгілі ата-аналар» : 1.М.Жұмабаев ат жом ата-ана – Оспанов Әмірхан 2. Ш.Уәлиханов ат. жом ата-ана – Жолдиев Әбілсейіт Махашұлы 3. Е.Ерназаров ат. жом ата-ана – Мұса Нұрбибі Қалмырзаевна 4. Ә.Молдағұлова ат. жом ата-ана – Пірәлі Ләззат Сүлейменқызы 5.С.Мұқанов ат.жом ата-ана – Алиев Сұлтан Аллабергенович аудан әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталды.