​Оңтүстікте оңалту түрмесі ашылғалы жатыр

0
1 863

Тағдыр тәлкегімен бір мезетте қылмыскер атанғандар да қоғамның бір мүшесі. Осылай деген құзырлылар жазасын өтеушілерді түрмеден шыққан соң да тірлігін түрлендіруге деген ынтасын арттырмақ ниетте.


​Оңтүстікте оңалту түрмесі ашылғалы жатыр

ERNUR.KZ. Шымкенттегі қатаң режимдегі ИЧ 167/2 колониясында "Оңалту түрмесі" жобасы қолға алынып жатыр. Ол аса ауыр қылмыс жасағандарды, бас бостандығынан айырылып, түрмеге тоғытылғандарды кәдімгі өмірге бейімдейді. Заңға бағынуды үйрететін болады, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Тағдыр тәлкегімен бір мезетте қылмыскер атанғандар да қоғамның бір мүшесі. Осылай деген құзырлылар жазасын өтеушілерді түрмеден шыққан соң да тірлігін түрлендіруге деген ынтасын арттырмақ ниетте.

"Негізгі мақсатымыз, түрмеден шыққандардың қайта қылмысқа бармауын қадағалау, қоғамға бейімделуіне жағдай жасау. Жұмыс қажетіне жұмыспен қамту, тұрмысы төменге әлеуметтік бағдарламалар жүйесін түсіндіреміз"-дейді Шымкенттегі оңалту орталығы басшысының орынбасары Арман Төлегенов.

Пилоттық жоба ретінде қолға алынған оңалту түрмесінде мемлекеттік құрылымдардың қызметкерлерінен құралған арнайы комиссия колонияда жазасын өтеп жатқандармен кездесіп, кеңес береді. Бостандыққа шыққан соң жұмыспен қамтылып, баспаналы болудың, денсаулығы сыр берсе тегін медициналық көмек алу жолдарын айтып береді. Тіпті мемлекеттік бағдарламалар арқылы өз кәсібін ашып түтінін түзу шығаруға болатын түсіндіреді.

«Біз «Оңалту түрмесі» жобасын дайындауға кірісіп кеттік. Негізгі мақсатымыз — бас бостандығынан айыру жазасына кесіліп, темір торда болғандарды қоғамға бейімдеу. Бұл жазасын өтеп шыққандарды әлеуметтік оңалту туралы ҚР Президентінінң 2016 жылғы Жарлығымен бекітілген кешенді стратегиясының бір бөлігі»-дейді ИЧ 167/2 түзеу мекемесінің бастығының орынбасары Айбек Тәңірбергенов.

Тіпті туыстарымен қарым қатынасты түзетуді де үйретеміз деп отыр түрме басшылығы.