Отырар аудандық ауруханасының бас дәрігері тағайындалды

0
3 980

Жаңа басшы тағайындаудағы басты мақсат — медициналық қызметтің сапасын жақсарту.


Отырар аудандық ауруханасының бас дәрігері тағайындалды

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының бұйрығымен Отырар ауданындағы орталық ауруханаға жаңа басшы тағайындалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев әр жылғы дәстүрлі Жолдауларында халық денсаулығын жақсартуды ешқашан назардан тыс қалдырған емес. Мәселен, «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында да профилактикалық медицина аурудың алдын алудағы басты құралға айналуы тиіс екені атап көрсетілген.

Осы орайда Отырар ауданындағы медициналық қызметтің сапасын арттыру, аталған саладағы кемшіліктерді жою мақсатында облыстық денсаулық сақтау басқармасының бұйры­ғы­мен аудандық орталық ау­­ру­хананың бас дәрігері қыз­метіне жаңа басшы таға­йын­­далды.

- Алдымен қызмет барысында халық тұ­­ты­­натын медициналық қызметтің сапасын жақсартып, қолжетімділікті қамтамасыз етуді басты назарға аламын. Халықтың арыз-шағымын тың­­дап, дәрігерлердің қабыл­дау­ла­ры­ның уа­­қ­­тылы жүруін қадағалайтын боламын. Бұл өз кезегінде пациеттердің дәрі­герлерге деген сенімі мен көзқарастарына әсер етеді деген сенімдемін,- дейді облыс орталығынан ауысып келген бас дәрігер Райымбек Берікұлы Тасырбаев.