Отырар музейінде Елбасы мақаласын талқылауға арналған дөңгелек үстел өтті

0
1 263

Дөңгелек үстелдің басты тақырыбы Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы болды.


Отырар музейінде Елбасы мақаласын талқылауға арналған дөңгелек үстел өтті

Түркістан облысы Отырар ауданындағы Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейінде ҚР Президенті Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласын талқылауға арналған дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Дөңгелек үстелде Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейі директоры Елбасы еңбегіне шолу жасай келіп, онда көтерілген негізгі мәселелерге тоқталып өтті. Мекеме директорының ғылыми істер жөніндегі орынбасары С.Ш.Ақылбек өз баяндамасында аталған еңбектің ұлт руханиятын көтерудегі маңызына жан-жақты тоқталып, ежелгі Отырардың қайта жаңғыруы, туристік орталыққа айналуы ел тарихы мен мәдениетінің дамуы мен қалыптасуына зор ықпал ететіндігін атап өтті.

Жиын барысында мекеме қызметкерлері өткенді саралап, болашақты бағамдайтын мақала туралы өз ойларын айтып, қолдау білдіретіндіктерін жеткізді. Жиын соңында мекеме басшысы А.К.Жандосов Елбасы мақаласында көрсетілген жобаларды іске асыру мақсатында аянбай еңбек ету қажеттігін, сондай-ақ, ежелгі Отырарды жаңа Отырарға айналдыруға қатысты қажырлы жұмыс атқарылу керектігін айтып, жұмыстарға сәттілік тіледі.