​Отырарда «Елбасы - Ұлт Көшбасшысы» көрмесі ұйымдастырылды

0
2 246


​Отырарда «Елбасы - Ұлт Көшбасшысы» көрмесі ұйымдастырылды

Бүгін Республикамыздың түкпір-түкпірінде Тұңғыш Президент күніне арналған іс-шаралар өтуде. Еліміз үшін ерекше орны бар бұл күнді отырарлықтар да жан-жақты атап өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Осындай тақырыппен Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-мұражайында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Қонақтар алдымен музей мен аудандық орталық кітапхананың ұйытқы болуымен қойылған «Елбасы - Ұлт Көшбасшысы» атты көрмені тамашалады. Шара барысында аудан әкімі Ерлан Айтаханов, әдебиетші Сағындық Қыдыр, тарихшы Бекжан Бейсенбай және музей қызметкерлері сөз алып Елбасының ел бірлігі, ұлттар татулығы жолында сіңірген еңбектері жайында кеңінен әңгімеледі.
Сондай-ақ, «Ақбол» балабақшасында «Мектепке дейінгі ұйымдағы педагогикалық кадрлардың кәсіби қызметінде технологияларды қолдану тиімділігі» тақырыбындағы облыстық тәжірибелік семинары өтті. Семинарға болашақ ұрпақ тәрбиесіндегі маңыздылығын ескеріп аудан әкімі Ерлан Айтаханов арнайы барып қатысып, құтықтау сөз сөйледі.

Мерекелік іс-шаралар Қ.Мұңайтпасов атындағы спорт кешенінде жалғасын тапты. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының қызметкерлері арасында волейболдан және эстафеталық ойындар жарысының ашылу салтанатында аудан әкімі Ерлан Айтаханов құттықтау сөз сөйлеп, жарысқа қатысушыларға жылы лебізін білдірді.

«Бүгінде ауданымызда осы бағытта түрлі іс-шаралар жоспары бекітіліп, ауқымды жұмыстар атқарылды. Мәселен, көпқабатты тұрғын үйлердің ауласына бірнеше ашық спорт алаңшалары, Ақтөбе мен Аққұмда жабық спорт кешендері, Маяқұм, Көксарай, Темір ауыл округтерінде ашық спорт алаңдары ашылды. Бұл өз кезегінде жастардың бос уақыттарын тиімді пайдаланып, спортпен шұғылдануларына үлкен септігін тигізеді деп ойлаймын», -деді аудан басшысы өзінің құттықтау сөзінде.